Меломен тобы ән қоржындарын жаңа туындымен толықтырды

"Меломен" тобы«Меломен» тобы Моңғолияда гастрольдік сапармен болады.
Қазақ эстрадасындағы танымал топтардың бірі «Меломен» тобы Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл сапарын Алтай принтинг команиясы мен Баян-Өлгий аймағының Студенттер одағы ұйымдастырып отыр.
Ұйымдастырушы топтың хабарлауынша «Меломен» тобы концерттік бағдарламасы бойынша наурыздың 16 күні Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласының UB PALACE концерт залында өнер көрсетіп, айдың 17, 18 күндері Баян-Өлгий аймағында концерт береді.Сонымен бірге топ репертуары «келмеші» атты жаңа әнмен толықты.

«Melo’Men» тобының негізі 2007жылдың күзінде қаланған.Топ құрамында төрт талантты жігіт ән шырқайды, олар: Қайрат Мырзаханов, Жігер Ауыпбаев, Ролан Қазретов, Ғабит Әбілдаев
Жігіттер эстрадалық-цирк колледжінде білім алып жүргенінде танысып, топ құруға бел байлайды. Алғаш рет әншілер «Шабыт» 2008 халықаралық ән фестивалінде көзге түсіп, танымал бола бастайды. Содан кейін «Абай Әлемі»- 2009байқауында өнер көрсетіп, 2009жылы Республикалық «Жас қанат» жастар байқауында лауреат атанады.
Әншілер өздерінің имиджіне, вокалына, хореографиясы мен актерлік шеберлігіне көп мән береді.Қазіргі уақытта репертуарында 20композиция. Жеке альбом қылып шығару ойларында бар. «Тәтті сезім», «Арман шағала», «О, махаббат», әндері жастардың сүйікті әндеріне айналған. МузАрт тобымен түсірілген «Келеді кездескім» әні де жақсы танымал болып келеді.
Топ, биылғы жылдың 14-мамырында WOWжурналының «Жылдың үздік тобы» номинациясын жеңіп алды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*