Мектепте сабақ таңғы жаттығудан басталады

Сергектік, сенімділік, салауатты өмір салты. Аталған денсаулық элементтерін мектеп қабырғасында жүріп-ақ қалыптастыруға болады. Денешынықтыру пәнінде ғана емес, таңертеңгі жаттығу арқылы да бұл баға жетпес  құндылыққа қол жеткізуге мүмкіндік мол. №47 мектептің бірінші ауысымда оқитын 800-ге жуық оқушысы күн сайын сабаққа кіріспес бұрын жаттығу жасауды әдетке айналдырған. Себебін мектеп ұжымы денсаулықтың нығаюымен байланыстырып отыр. Таңертең ұйқысын қимай тұрған шәкірттерді жаттығуға баулудың құпиясын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айтуар Мәменов өздігінше түсіндіреді.

Айтуар Мәменов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: «Мен таңертең ұйқысұрап тұрған шәкірттерге оңай әрі қызықты жаттығулар жасатамын. Өздерінің қалайша жасап кеткенін аңдамай қалады. 15 минуттық жаттығу оқушыларды сабаққа талпындырып, ұйқыларын ашып, тамаққа да тәбетін оятады. Таңертеңнен кешке дейін көңілді әрі сергек жүруін қамтамасыз ететіні тағы бар. Денсаулыққа тигізер әсері бір бөлек. Сондықтан мен де барымды салып оқушылардың сабаққа, оқуға деген ынтасын арттыруға тырысамын. Әрине, бұл оқушылардың ағзасына да тигізер әсері орасан!»

Таңғы жаттығу мектеп оқушыларына сергектік сыйлайды

Ал мектеп оқушылар да он бес минуттық жаттығудың өздеріне әжептеурім сергектік пен сабаққа деген ықыласын оятатынын айтады. Таңғы жаттығу үшін ұйқыларнан ерте тұрып, асығып келетіндерін де жасырмады.

Айдана Ережеп, №47 мектептің 10-сынып оқушысы: «БІз күн сайын таңертең сабақ басталар алдын таңғы жаттығу жасаймыз. Бұл бізге өте пайдалы екенін білеміз. Ұстаздар бізге әрдайым пайдасын айтып, денсаулық турасында ашық тәрбие сағаттарын өтеді. Сондықтан біз таңғы жаттығуды қуанып кейде күліп тұрып жасауға тырысамыз. Басқа-басқа таңғы жаттығудың әсерін оқып-біліп жүрміз. Өзге уақыттағы жаттығуға қарағанда, таңғы жаттығудың әсерінде шек жоқ. Пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сол үшін де белсенділік танытып, мұғалім айтқан жаттығуды жасаймыз».

Сахабай Нұржан, №47 мектептің 10-сынып оқушысы: «Жаттығу бізге көп көмектеседі. Біздің мектептің оқушылары әр күнін қызықты әрі естен кетпестей көңілді өткізуі үшін де таңғы жаттығудың үлесі зор. Біз күн сайын таңғы жаттығулар жасап, өз денсаулығымызды нығайтамыз. Естуімше, кей мектептер тек күн жылыда ғана таңғы жаттығу жасайтын көрінеді. Ал біз күн жылыда мектептің алдында жаттығу жасаймыз, ал ауа райы суытқанда спортзалға барамыз. Таңертең сонда барып,  минуттық таңғы жаттығуымызды жасап болғасын ғана сабақ оқуға кірісеміз».

Деніңіздің саулығы мен күні бойы көтерңікі көңіл күйде жүру – оқушылар үшін таңғы жаттығумен тікелей байланысты. Сондықтан сапалы білім мен сенімді болашаққа жол бастайтын жаттығуды ұмытпай орындап тұру қажет. Жаттығудың түрлері көп, алайда мектепте орындалатын жаттығуллар оңай әрі жылдам жасалуымен ерекшеленеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*