«Мардан Ұландары» жеңімпаз!

«Мардан Ұландары» жеңімпаз атанды! Анығырақ айтсақ, қала әкімінің кубогі үшін өткен көңілді тапқырлар клубыны кешінің 1-орнын қанжығасына байлады. Республикалық деңгейде өткен ойынға еліміздің ең таңдаулы талантты құрамалары бақ сынаған. Ал «мардандықтар» бірінші кезеңнің өзінде — ақ қолдарына қазақтың қара домбырасын ала шықты. Ұлттық нақышта киген киім үлгілері де өздеріне жарасып-ақ тұрды. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді де күлдіріп қана, астарлы әзілмен жеткізуде шеберлік танытқан жас өнерпаздар көпшіліктің қошеметіне ие болып жүр. Күлкінің құнын арзандатпау жолында өнер көрсетіп жүрген құрама бүінде талай белестерді бағындырып та үлгерген.

«Мардан Ұландары» «Жайдарманның» жарқын сахнасында жүріп, танымалдылыққа ие болып жүр

«Мардан Ұландары» құрамасы 2010 жылы 10-қазан күні «АЭСА» құрамасының ойыншысы Агназар Арысланның қолдауымен құрылған. Содан бері тынымсыз еңбек етіп жүрген жас өнер иелері бұл жолы да өз таланттарын танытып, мойындата алды. Бұл жолы Шымкент қаласында «Жайдарман» лигасының 2-рет вице-чемпионы атанды. Сонымен қоса, Республикалық Премьер Лига ойындарының Кіші финалында да жүлделі 2-ші орыннан көрінді.

Жас әзілкештер қоржындарына жаңа астарлы әзілдерді қосуды жоспарлап отыр

Абзал Жанбосынов, «Мардан Ұландары» құрамасының төрағасы: «Біз әрдайым жастардың көңілінен шығатын, сонымен қоғамдағы, еліміздегі орын алып жатқан ауқымды мәселелерді әзілімізге қосамыз. Әйтпегенде ше?! Халықтың ойындағы, айта алмай жүрген мәселесін біз тек әзіл арқылы ған жеткізуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Ал жеңіске жетіп, көпішіліктің құрметіне бөленіп жүргеніміз де сол үшін болар. Әрине, көбісі біздің киген ойында киген киім үлгімізді ұнатады. Мұны бәріміз ойланып-толғанып, қазақтың болмысын танытатын бір нақышты таңдайық деп келіскенбіз. Міне, нәтижесі! Ал құрамадағы достарымның барлығы да шебер ойнайды. Солардың жұмыла жұмыс жасауының арқасында, сонымен қатар жетекшіміздің тәрбиесінің арқасында осындай биіктерден көрініп жүрміз. Ең маңыздысы, біз алдағы уақытта да егер «Жайдарман» жасап тұрса, сахнаға елдің аузындағы мәселелерді әзілімізбен жетікізіп, шығармашылығымызды дамытамыз деген ойдамыз. Ендеше, достар «Мардан Ұландары» Сіздер үшін ғана әдеміәзілдерін дайындайтын болады».

«Мардан Ұландары» Оңтүстікте КТК ойындарын дамытуға үлес қосуды мақсаты тұтады

Екі жылдан бері «Жайдарманның» белді құрамасы болып танылған таланттар осылайша ізденіспен жүр. Бастысы, қаламызға  танымал болған жас әзілкештерге замандастары сенім артады. Саясат сахнасын да астарлап әзіліне сүйемелдеп орындап жүрген олар, жастар мәселесін де ұмыт қалдырған емес. Айта өтейік, құрама дәл қазіргі таңда үлкен дайындық үстінде жүр.

«Мардан ұландары» замандастарының мақтанышы болғанымен марқаятынын айтады

Себебі, «Жайдарманның» республикалың деңгейдегі ойындарынан шет қалмайтын өнерпаздар, жуырда  арнайы көңілді тапқырлар клубының кезекті ауқымы кең кешіне жаңа әзілдер ұсынбақ. Алайда, «Мардан Ұландары» өздерінің қай бағыттағы әзілдерін ұсынатынын әзірге құпия сақтап отыр.

 

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*