Малайзияға аттанған дойбышылардан үміт мол

Оңтүстіктік әсіресе, жас дойбышыларға жаттықтырушылар көп үміт артып отыр

Қалалық №4  Ләззат Тәжиева атындағы спорт мектебінің дойбышылары үшін бұл жыл сәтті болды. Спорт мектептің он бес спортшысы Қазақстанның Чемпионы атағын иемденіп, шебер атанды.  Ал тағы бір үлкен жеңісті Алматыда өткен спорт шеберлерінің сынында 4  оқушы жеңіп алды.

Қыздар арасындағы жарыста он спортшының арасынан үздік шығып үшінші орынды жеңіп алған Шолпан Сәкенқызы жарыстың  оңай болмағанын айтады.  Алайда жеті жыл бойына үйренгені мен білгені оған үлкен көмек болыпты.

Ал ұлдар арасынан үшінші орынға ие болған Ислам Әби 2010,2011,2012 жылғы Қазақстан Чемпионы. Жиырма үш қарсыласпен бағын сынаған ол үш жылдан бері дойбының қыр сырын үйреніп жүр.

Ерлер арасындағы кей ойыншылар Түркістаннан келіп дайындалады

Енді дойбышыларымыз 19  қарашада Малайзияда ерлер арасында 12-14-17 жас ерекшелігі бойынша өтетін Азия Чемпионатына аттанады. Бұл бәсекеге спорт мектебінен төрт спортшы жолдама жеңіп алған. Соның бірі ТҮркістандық Нұрдәулет Құдайберген. Ол он жасқа дейінгілердің ішінде 2012 жылдың Чемпионы.

Дайындық қызу жүріп жатыр дейді жаттықтырушы. Сондықтан жеңіске үміт мол. Ата өтейік дойбышылар мектебіне оқушыларды бірінші сыныптан бастап қабылдайды. Бүгінде мұнда алпысқа жуық бала білім алады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*