«Мұқағали әлемі» атты әдеби кеш өтті

Мұқағали Мақатаевтың өмірден өткеніне 37 жыл өтсе де, есімі есімізден шықпай келеді.  Ақпан айында туған ақынды бүгінде жастолқын жырларын оқып еске алады. Аманат болған, мәңгілік тақырыпты арқалаған өлеңдерімен сырласады.

Мұқағали Мақатаевты еске алу әдеби кеші өтті
Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде мұзбалақ ақын Мұқағалиға арналған еске алу әдеби кештер өтіп, әдебиет алыбының есімін құрметке бөлеуде.

Ерлан Ақылбеков, студент: «Мұқағали ақынның өзі жырларында «мен 21-ғасырдың құрдасымын» деген. Сондықтан біз қиналғанда, қуанғанда, тіпті ғашық болғанда да Мұқағалидың жырларын іздейміз шарқ ұрып. Себебі жанымызға жұбаныш, көңілімізге қуаныш сыйлайтын өлеңдерін сүйіп оқимыз. Шын дос болған кітаптары — бізге аманат деп білемін. Бізді құрдасындай көрген ақын, біз үшін сарқылмас шабытқа толы жырларын жүрекпен жазды емес пе?! Ендеше, Мұқағалидың бізге деген ықыласы мен құрметін біліп, есімін құрметтеуіміз қажет. Бұл — біздің парызымыз».
Бақбер Алтай, жас ақын: «Мен ақынға шексіз сыйластық-құрметімді арнау жазып қана жеткізе алдым деп есептеймін. Себебі ол ғасырдың шығар шегіне шығып қойған поэзия патшасы ғой! Қазақтың маңдайына біткен ақын өз заманында бағаланбағаны өкінішті дейміз. Сондықтан тірісінде қадіріне жетпеген Мұқағалидың тек жырларына ғана шағым айтамыз. Сырласамыз. Тек сол рқылы ғана өзімізді жұбатамыз. Әттең, ақынмен замандас болуды маңдайыма жазбағаны өкінішті».

Замандастарымыз әдеби кеште ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы өлеңдерін де шарықтата шырқады.»Жарығым-ай», «Көнеміз ғой», «Достар» сынды тағы да басқа өлеңдерін орындады студенттер. Шаң басқан архивтерден табылармыз деп Фариза ақынға шағымын айтқан Мұқағали әні де әуеледі.

Мақсат Айтжановтың орындаған әні талайға ой салды. Терең ойға батырды. Тіпті ақын жандүниесін ұғып, көздеріне жас алды. Бұл ақынға деген сағыныш болса керек.
Мақсат Айтжанов,әнші: «Бұл әнді орындай, ұрапқтан-ұрпаққа аманат ету бізге артылған жүк.Сондықтан мен кейінгі толқын ретінде ақын жандүниесін жұртшылыққа жеткізіп жатырмын деп білемін. Мұқағалидың өлеңдері қалың қазаққа сырлас, мұңдас, адал дос».
Өмірдің қызығы мен шыжығын да кеңінен толғаған ақиық ақын жалғанға шексіз ғашық болған. Бүгінде сол махаббатты жастолқын жеткізуде.

Жастолқын Мұқағалиға арнау оқыды
Жастолқын Мұқағалиға арнау оқыды

«Есіңе мені алғайсың» деп жұртшылық жүрегінде мәңгі жасауды, сағыныш болуды аңсаған ақын өз арманын өлеңінің бойына сыйғызды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*