КТК-шылар шымкенттіктерді әзілдерімен қуантты

Жайдарманның жігіттері Шымкенттік жастарға жаңа жыл қарсаңында әзілдерін сыйлады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ойынның ширек финалында бағын сынайтын 20 команданың оны облысымыздың әр ауданынан келген.

КТК-шы шымкеттіктерді жаңа жылмен құттықтады
КТК-шы шымкеттіктерді жаңа жылмен құттықтады

Алғаш болып сахнаға шыққан топ мүшелері үйреншікті әдеттеріне басты. Тағы да назарда шымкенттің қыздары, ерке жігіттері мен сабақтан қашу. Осы орайда біз көремендерге көзге ұрып, сүйелдей болған қайталана беретін әзілдер арқылы ойыншылар өз тыңдармандарын жоғалтып алмай ма деген сауал қойдық.

«Әзілдер қайталанады, сценарийлер ұқсас болып келеді. Топ мүшелерінің  дайындығы аз екендігі бірден байқалады. Мұнда ойыншылар мен сцераниий авторларының да кінәсі бар»,- дейді Ердос Айтымбетов.

Тамашалауға келгендер де көп болды
Тамашалауға келгендер де көп болды

Ширек финалға жолдама алған әзілкештер үшін қойылатын талаптың бірі киім киіс пен мен өздерін сахнада ұстау мәнері болатын. Келесісі — ойыншылар білікті жастар білімді болашақ тақырыбын негізгі бағытқа алу керек еді. Алайда ойын барысында білім сүйер жастар мәселесін көтерген команданы кездестірмедік.

«Біз бүгін әсіресе биге көп көңіл бөлдік. Өйткені түрлі би қимылдары арқылы  көремендерді қызықтырып, оларды серпілтіп алуға болады. Бірақ дайындығымыз аз болды, дегенмен көрермендерімізге ұнаған сыңайлы»,- дейді № 3 кәсіптік лицейдің құрамасы.

Ойынға мектеп оқушылары да қатысты
Ойынға мектеп оқушылары да қатысты

Алғашқы кезең күз маусымында әр ауданда басталған болатын. Ал ширек финалда бағын сынайтын топ саны аз емес. Сондықтан ойын тартысты, талап жоғары болды.

«Бүгінгі ойынға мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысуда. Арыс, ТҮркістан, Түлкібас және. тағы өзге аудандарданк елгендер бар. Ширек финалға да тек дайындығы жоғары, мәнді де мағыналы әзіл сыйлайтын командалар ғана өтеді. Ал қазылар алқасының төрелігінен өтпеген топтарды өткізбейтін боламыз»,-  дейді ұйымдастырушы Арман Ибраев.

Ал жартылай финал 2013 жылдың көктемінде өтетін болады. Сондықтан келесі жылы КТК-шылар шымкенттік жастарды жаңа, қызықты әзілдермен қуантады деген сенім мол.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*