Комикстердің көшпелі көрмесі Шымкентте

Қазақстанның бірнеше қаласында сапарын жалғастырған комикстердің көшпелі көрмесі шымкенттіктердің де назарына ұсынылды. Ерекше көмекке мұқтаж, мүгедек баланың өмірінен сыр шертетін комикс формасындағы репортаждың саны 45-ке жуық. Жастар орталығында ұйымдастырылған бұл көрмені тамашалауға келгендердің қатары көп болмаса да, қоғамда мұндай жағдайға бей жай қарай алмайтындар туындыларға өз бағасын берді.

Бахытжан Жұманов
Бахытжан Жұманов

«Бұл жоба ерекше күтімді қажет ететін мүгедек балаларға басқаша қарауға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ қоғамның назарын оларға аударту болып табылады. Ал біздің міндетіміз олардың әлеуметтік бейімделуіне мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан болса нығайта түсуге ат салысу деп білемін»,- дейді Айнель Қайназарова.

Комисктың негізгі кейіпкері ми сал ауруымен ауыратын алматылық Бахытжан Жұманов.  Бүгінде арбага танылған 18 жастағы жасөспірімнің өмірін француз суретшісі Николя Журну қағаз бетіне  түсірген. Онда дені сау, жүре алатын балалар сияқты болғысы келетін, бірақ оған мүмкіндігі жоқтығы, алайда еш жасымайтындығы бейнеленген. Комикстарды тамашалаған жан бір сәт олардың өміріне терең үңіледі. Күнделікті өмірде елеп- ескере бермейтін жайттарға зер салуға мүмкіндік алды.

Көрмеден көрініс
Көрмеден көрініс

«Мұндағы 45 суреттің 20- сы Бахытжанның өмірінің түрлі сәттерінен алынған. Онда екеуміздің қалай танысқанымыз, оның өмірі, бүгінгі жағдайы, отбасы, қызығушылығы, айтқысы келетін жағдайлары бейнеленген. Екеуміз қайырымдылық шара кезінде таныстық. Содан бірлескен жобамыз да іске аса бастады. «Жәй ғана блог емес» жобасы да Бахытжан сияқты тағдырдың талқысына түскен балалардың мәселелері туралы айтады»,- дейді репортаждың авторы, иллюстратор Николя Журну.

Комикстар репортажы елімізде таңсық дүние екені рас. Алайда Шымкенттіктер оны жылы қабылдады. Бұл мүгедек балаларға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді дейді олар.

Көшпелі көрме мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өйткені еліміздің өзге қалаларында да жұмыстар жалғасын таппақ. 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*