Кенеден балаңызды сақтаңыз

Күн жылынып, жер көгере бастағаннан-ақ тұрғындар тауға шығуға, көгалға демалуға ағыла бастайды. Балалар тіпті үйдің бетін көрмейді десек те болады.  Оның үстіне көктемде кенелер мен жәндіктер де пайда болып, жер бетіне шығатыны белгілі. Түрлі ауруларды тасымалдауы мүмкін. Мұндай жағдайда таза ауада тынығушыларға,  жемiс-жидек теру­шiлерге, әсіресе балаларға бірнеше сақтық шараларды есте ұстау қажет.

Бала-шағамен бірге серуендеу кезінде
Бала-шағамен бірге серуендеу кезінде

Алдымен  кенелер өмiр сүретiн қауiптi аумақта болсаңыз, жеңі ұзын ашық түстi киiм кию керек. Көйлектің жағасы мен жеңін түймелеп, жейденің етегін шалбардың ішіне салып, ал балақты шұлыққа немес аяқ киімге салып қою керек. Киімдер адам денесінің барлық жерін жауып тұруы тиіс.

Киімдер барлық денені жауып тұрсын
Киімдер барлық денені жауып тұрсын

Балалар көбіне аулаларда, қоралардың маңында жүреді. Мысық пен иттерге жақын болады. Ал кене мысық пен иттің жүніне де жабысып келуі мүмкін. Сондықтан ойын баласы кешке үйге келген соң, киімдерін шешіп, оның үсті басын қағып, денесін, киімдерін, шаштарын, құлақтарынан арты мен шынтағын қарап, жуындырып жатқызған дұрыс.

Кене көбіне таңғы сағат  8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 5 пен 8-дің аралығында адамдарға көп шабуылдайды екен. Ал күн өте қатты ысыған кезде, яғни 11-ден 17-ге дейінгі аралықта шеғу белсенділігі төмендейді екен. Сондықтан дененің ашық жерлеріні, киімге кенені жолатпайтын арнайы аэрозольдарды сеуіп жүрген абзал.

Егер балаға келер қауіп-қатерді азайтқыңыз келсе, ерте көктемде қора-қопсыңыз бен аулаңызды, жертөлені міндетті түрде тазалап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек. Қыстан шыққан қоқыстарды үйіп қоймай, бірден шығарып тастау қажет.

Балалар құм үстінде ойнауда
Балалар құм үстінде ойнауда

Көктемде шығатын күн сәулесі де алдамшы болады. Сондықтан балалар жеңіл киініп, суықтап қалуы мүмкін.Осындай сәттерде тыныс алу жолдарының қабынып, ыстық көтеріліп, асқынып кетуі мүмкіндігі артады. Мұндай жағдайда алдын ала баланың жылы киінгенін қадағалау керек.

Балаларды жануарларға, ит пен мысыққа жолатпау керек
Балаларды жануарларға, ит пен мысыққа жолатпау керек

Қыс аяқталып, көктем шыққанда көп адамдарда, әсіресе балаларда да дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Ағзада дәрумендердің жетіспеушілігі, адамдардың түрлі аурударға қарсы тұру қабілетін төмендетіп, түрлі ауруларға шалдығуға бейім келеді. Сондықтан қоспалы, әсіресе бояуы бар, тәтті тағамдардан бас тартып, тұзды, қуырылған өнімдерді азайтып, құнарлы, дәрумендерге толы тағамдарды жеу керек. Еттің орнын алмастыратын бұршақтарды, құрамында темірі бар өнімдерді, жаңа піскен жемістерді пайдаланған жөн. Сүт өнімдерін күн сайын тамақ рационына қосу керек.

Балалар тек құнарлы тағамдармен тамақтансын
Балалар тек құнарлы тағамдармен, жемістермен тамақтансын

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*