Кәсибі біліктілікті арттырамыз деп…

Семинар-тренингке қатысушылар
Семинар-тренингке қатысушылар

Бір апта бұрын ғой, бір журналист әпкем «Журналистердің кәсіби біліктілігі және құқықтық қауіпсіздігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізгелі жатырмыз. Дәрісті Алматыдан белгілі журналистер келіп жүргізеді. Қатысасың ба? — деген. Қуанып кетіп, қатысушылар тізіміне қосылғам. Сол семинар-тренинг, кеше сенбі, жексенбі демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өтті. «Алтын қауырсын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен. Жергілікті басылымдар мен телеарналардан 20-ға жуық журналист келген екен. Бәрінің жүзі таныс, Хош, сонымен екі күн бойы біз не үйрендік?

Алғашқы күні «Түркістан» газетінің журналисі Нәзия Жоямергенқызы «Қазақ журналистикасы: даму жолындағы кедергілер мен кемшіліктер» тақырыбын талқыға салды. Кәсіби біліктілікті көтерудің жолдары сараланды. Баспасөз бетінде жоғалып кеткен очерк, фельетон, репортаж секілді жанрларды «жіліктеді». Ал Ақпараттық даулар жөніндегі қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова журналистік этика, сөз бостандығын пайдаланудағы асырасілтеушілік, БАҚ пен журналистерге қарсы ар-намыс, іскерлік беделді қорғау жөніндегі талап-арыздар жайлы сөз қозғады.

Келесі күні «Жаңа ой» орталығының жетекшісі, ІТ маманы Нұрлан Жанай блог жүргізу, SMM, маркетинг, PR, инфографика, Google-дің іздеу жүйесінен басқа толып жатқан қызметтерін пайдалану жолдарын үйретті. Шыны керек  Google-дің өзім іздеу жүйесін, gmail.com поштасын ғана пайдаланады екенмін. Бұрын reader қызметін қолданатын едім. Кейін оны алып тастапты. Басқа қызметтерін қолдануға бас ауыртпайтын ек. Мына семинар-тренингтен кейін «бас ауыртатын» болдық. Сосын http://prezi.com/ cайтында презентация жасап үйреткені ұнады. Екі күнде біраз пайдалы мағлұмат алдық сөйтіп. Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Осындай тәжірибе алмасатын семинар-тренингтер, іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса дейсің ғой)))

Раушан Мақымова, ұйымдастырушы:

Алматыдан келген белгілі журналистер, міне, екі күн бойы өз білгендерімен,

көкейге түйгендерімен бөлісіп жатыр. Алдағы уақытта мұндай тренингке аудан орталықтарында

қызмет етіп жүрген әріптестерімізді де тарту ойда бар.

Нәзия Жоямергенқызы, «Түркістан» газетінің журналисі:

Журналистика — кез келген мемлекетті алға жетелейтін алып күш. Кәсіби тұрғыда білікті мамандары көп

журналистиканы түзу — идеологиялық міндеттердің бірі. Өйткені қоғамдық пікірді қалыптастыратын баспасөз елдің

дамуына сеп. Шымкентте өткізілген екі күндік семинар тренингтің басты мақсаты да оңтүстікқазақстандық

журналистердің біліктілігін арттыруға ықпал ету еді. Біз үшін аса маңызды шара сәтті өтті.

Осы орайда семинар-тренингті өткізуге мұрындық Берік Уәли мырзаға, «Алтын қауырсын» қоғамдық қорына алғысымыз шексіз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*