Күл-қоқыстан қашан құтыламыз?

Әні-міне дегенше көптен күткен жаңа 2013 жыл да есігімізді қағып, уақыттың еншісін алмақ! Ал осы орайда қала тұрғындары жаңа жылды қарсы алуға қаншалықты дайын?! Иә, көбіне біз жаңа жылды жаңаша екпінмен, жаңаша қадаммен бастағанды жақсы көреміз.  Алайда, қаламызға деген көзқарасымыз, жауапкершілігіміз — өзіміздің жалқаулығымыз бен салғырттығымыз бұл жоспарға тосқауыл болатынын білгеніміз жөн. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері қала көшелері күл-қоқыстардан айра-жайра болып, шашылып жатады. Салдарынан, қаланың көркі бұзылуда.  Арнайы қоқысқа апарып салуға ерінетін тұрғындардың бұл «қылығы» өзгелердің «қытығына» тиіп жүргені тағы бар. Сондықтан Асанбай Асқаров көшесінің бойымен жүріп, қоқыстарды өз көзімізбен көріп, сол маңайдағы үйлердің тұрғындарынан мән-жайды сұраған болатынбыз.

А.Асқаров атындағы көше бойы қоқысқа толып жатыр
А.Асқаров атындағы көше бойы қоқысқа толып жатыр

Мария Сергейқызы, А.Асқаров көшесінің тұрғыны: «Осында қоқысты кім тастайтыны белгісіз! Азанда жұмысқа кетіп бара жатып бәріміз байқаймыз, тағы да тура жолдың жиегіне тастайды. Оны қаңғыбас иттер жұлмалап одан бетер етіп шашып тайтайтыны да бар. Осылайша бір ауданды сасық ауамен көмкеріп, онымен қоса көшенің сәнін бұзуда. Көпке топырақ шашудың қажеті жоқ. Алайда арнайы қоқыс тастайтын орынға апарып салуға болады ғой! егер байқап, көріп жатсам, кеңесімді жақсылап тұрып беретін едім. Баршамыздың денсаулығымызға зиян болатын әрекеттер жасап жатқаны жанымызға батады әрине».

Көше тұрғындары кім тастайтынын білмейміз деп шыр-пыр
Көше тұрғындары кім тастайтынын білмейміз деп шыр-пыр

Гүлбаушан Бастарбекова, А.Асқаров көшесінің тұрғыны: «Өте дұрыс айтасыз. Бұл қоқыс баршамазыға зиянын тигізуде. Көшенің сәнін бұзып, сасып тұр. Бұл қоқыстарды күн сайын артып жатқанын жасырмаймыз. бірақ қоқыс тастайтындардың кім екені әлі күнге белгісіз. Менің ойымша ол тұрғын түн ауа тастайды. Әйншейінде көпшілктің көзіне түсіп қалар еді ғой. Сондықтан барша адамға зиянын келтіріп, көшенің сәнін бұзып, қаламыздың иісін ластап жатқан адамды көрсек біз де айтарымызды айтып, тәртіпке шақырар едік. Өкінішке орай әзірге ол адамның кім екені бізге беймәлім болып отыр».

Күл-қоқыс көшенің ғана емес, қаланың сәнін бұзып тұрғаны жасырын емес
Күл-қоқыс көшенің ғана емес, қаланың сәнін бұзып тұрғаны жасырын емес

Міне, А.Асқаров көшесінің тұрғындары осылай ақталды. Қалай болғанда да тұрғындардың өзі тұратын көшеге құрметпен қарап, қалаға тазалық қажет екенін ұғынуы қажет-ақ. Ендеше, көпшілікке өз тұратын аулаңыңыз бен қалаңызды құрметтеңіз дегіміз келеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*