Гүл таңдай білесіз бе?

Қыздар қауымы үшін ең үлкен сый- гүл екені белгілі. Алайда ер жігтіттер үшін кімге қандай гүл ұсынудың бірнеше қарапайым ережелерін білу артықтық етпейді. Өйткені бұл өте маңызды.

Әйелдерге гүл көп сыйға беріледі. Жасыл мен сарғылт араласқан нәзік байламға оралған гүл олардың көңілін көтереді. Әйеліңізге өзі ұнататын және үйлену тойында ұстағандай гүлді сыйлағаныңыз жөн.

Бір тал немесе бір құшақ болсын

Жас қыздарға әлі қауызы жарылмаған нәзік гүлді ұсыныңыз. Оның жасына байланысты гүлдің көлемі үлкейе бермек. Егде жастағы әйелге ақ лалагүл тарту етуден аулақ болыңыз. Өйткені мұндай гүлмен әдетте соңғы сапарға шығарып салады.

Сонымен қатар лалагүлді ауруханаға апаруға болмайды. Ол науқасқа кері әсерін тигізеді. Дұрысы нәзік түсті, иіссіз көлемі орташасын әкелу қажет. Үлкен жастағы әйелдерге құмырадан гүлдейтінін табыстаған жөн. Түсі қызыл және бітеугүл емес, ашылған гүлді сыйлаңыз.

Алқызыл, қызғылт түстісін кез-келген жастағы жанға және кез-келген жәйтке байланысты табыс етуге болады. Бұл «Менің сізге деген көзқарасым жақсы!» дегенді білдіреді. Шұбар гүлдерде бәріне ұнайды. Көңіл күйді көтереді.

Гүл таңдай біліңіз

Қызыл гүлді сыйлауда да мұқият болған дұрыс. Мұндай түсті гүлді өзіңіз жақсы ерекше жақсы көретін досыңызға немесе туысыңызға беріңіз. Қою-қызыл түс құмарлықты білдіреді.

Сүйіктіге сыйлайды

Ал ашық болған сайын сезімнің күштілігі байқалады. Оны тек сүйікті адамыңызға ғана тару етуге болады. Сары түсті гүлді (тек раушангүл емес) егерде жас жігіт қызымен дау-жанжалсыз айырылғысы келгенде сыйлайды.

Сары түсті гүлді көбінесе әртістерге табыстау қалыптасқан. Күннің түсі сәттілік белгісі делінеді. Сары гүлдер (ашық-лимон түстен қарақошқылға дейін) 35 жастан жоғары кербез әйелдерге сыйлаған жарасады.

Әртістерге сыйлауға болады

Күлгін жұпаргүл мен көк түсті гүлдер адамның ерекшелігін көрсетуге талпынған кезде сыйға беріледі. Бұл «Сіздің талғампаздығыңызбен сыпайлығыңызды бағалаймын» дегенді білдіреді екен.

Дала, орман және шабындықта өсетін гүлдерді салтанатты шараларда сыйлау дұрыс емес. Тек жақындарыңызға берген жөн. Егер де қызбен кездесуді жоспарласаңыз, оған бір тал әдемі гүл алуды ұмытпаңыз. Сабағы ұзын қалампыр, қауызы ашылмаған раушангүл сыйлаңыз. Бірақ сабағынан текенегін алып тастауды естен шығармаңыз.

Бір тал гүл сыйлау

Егерде сүйікті қызыңыз сізді ата-анасымен таныстыру үшін үйіне шақырса, анасына да гүл алғаныңыз абзал. Гүлдердің бірдей болмағаны жөн. Егерде досыңыздың немесе құрбыңыздың туған күніне жол тарсаңыз да анасына гүл алуды ұмытпаңыз. Өйткені бұл оның да мейрамы екенін есте сақтағайсыз. Бұл сіздің мәдниеттілігіңізді байқатады. Құрмет әрдайым ерекше бағаланады. Ал арнайы кездесу мәселен мектептегі концерттерге 3-5 тал қалампыр гүлін апарған дұрыс.

Make your own slideshow at Animoto.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*