Ерболат Құдайбергенов: «Шымкентте «Алланың нұры» жауды»

«Шымкент — менің қалам». Шырайлы Шымқаланың туған күнін қала жастары ерекше екпінмен тойлады. Ауа райының жауынды-қолайсыздығына назар аудармаған замандастарымыз Әл-Фараби алаңда бас қосып, маңызды кештің көркін кіргізді. Сахна төріне ең алдымен «МС»-лер көтеріліп, көпшіліктің көңілін аулады. Ал жүргізушілік қызметті астаналық көңілді тапқырлар клубының экс-мүшелері, қазірде белгілі жобалардың әртістері Дастан мен Кумар атқарып тастады. «Ең әсем, сұлы қала — Шымкент» деп жария салғандауыстары да жастардың жанын жадырата түсті.

Ерболат Құдайбергенов жауған жауынды тарихи оқиғаға балап отыр

Ал әнші Ерболат Құдайбергенов сахнада өзінің жаңа әндерін орындады. Жауған жауынға назар аудармаған Ерболат жастардың күткен басты қонағы! Сондықтан, жастардың әсерлі қошеметіне тіпті ауа райы да әсер етпеді. Ал өз сөзінде Ерболат «Шымкент — менің де ең сүйікті қалам» деді ашыла.

Ерболат Құдайбергенов: «Бұл тарихи оқиға болды. Себебі, бұрын соңды мен де де мұндай жағдай орын алмаған болатын. Байқап қарасам, мен сахнаға шығысымен алай-дүлей болып, күздің күрең жапырақтары мен жаңбыр араласып жауа бастады. Әрине, алғашында мен де түсінбей қалдым. Арнайы дайындалған жобаның бір «шоуы» деп те қалдым ғой. Сөйтсем, табиғи құбылыс екен. Мен нөсерлі жауынды «Алланың нұры» жауды деп білемін! Естен кетпес тарихи оқиға болды осылай. Ал қала халқын шын жүректен құттықтаймын. Шымкент халқы өзі өнерді түсінетін жандар екенін жақсы білемін. Бүгінде жастар мені қуана қарсы алды. Менімен бірге ән салды, би биледі. Алаңда тұрған жастарды көріп-ақ өнерге деген шексіз құрметін аңғардым. Сол үшін деалғысым шексіз. Арнайы келіп жастарды, қала тұрғындарын құттықтап отырғаным да сондықтан. Жетісу өңірі Шымкенттіктерді құттықтайды дегім келеді. Мәңгілік есімізде сақталатын керемет кеш болды».

Алаңға жиналған жастарға ауа райы да әсер етпеді

Сонымен қатар, жас әншілер Шымқаланың көркін әнге арқау етіп, қаламыздың мерейін көтеріп тастады. Бұл күні замандастарымыз үшін Бақытжан мен Айжан Мұстафаевтар да әсем әндерін ұсынды.  Мақпал Исабекова да арнайы келіп, шашу әнін айтып, жерлестерімізді құттықтады. Ал Доминик Джокер мен Мақпал Исабекова қосыла ән айтқанда, алаңға жиналған  жастар «флэшмоб» ұйымдастырды. Жаңа толқынның заманауи билері де заман ағымынан сыр шерткендей болды.

«МС»-лер жастардың көңілін аулап, сахнаны жандандыруға тырысты

Шырайлы Шымқаланың туған күнін түннің жарымына дейін тойлаған жастар алаңды босатқысы келмеді. Еліміздің танымал жұлдыздары да сахнаны жандандырып, замандастарымызға ерекше кеш сыйлады. Айта өтейік, қала жастары айтулы мерекені апта бойы тойлауды жоспарлап отыр.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*