«Дипломмен ауылға» бағдарламасы Сіз үшін жас маман!

Байжан Тасбалтаев 2012 жылы таулы мекен Қазығұрттың тұрғыны атанды. Ауылға жұмысқа тұрды. Тіпті жеке басында баспанасы да болды. Қалай дейсіз ғой?! «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өңіріміздегі Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елдемекеніне жол тартқан. Бүгінде ол осы ауылдың мал дәрігері. Жас маман алғашында ауылға үйренудің қиынға соққанын мойындайды, алайда кішкентайында ауылда өскендіктен уақыт өте үйренсіп кеткен.

Байжан Тасбалтаев "Дипломмен ауылға" бағдарламасы - таптырмас мүмкіндік дейді
Байжан Тасбалтаев «Дипломмен ауылға» бағдарламасы — таптырмас мүмкіндік дейді

Байжан Тасбалтаев, мал дәрігері: «Жасырамай-ақ қояйын осы бағдарлама бойынша жұмысқа тұруға болады екен, мемлекет бар жағдайды қарастырған» дегенді естігенде сенген жоқпын. Алайда Елбасымызға сеніп, құжатарымды дайындадым. Міне осылайша таулы мекенннің тұрғыны болып шыға келдім. Қазір жағдайым жақсы. Әр жұмыстың қызығы мен қиындығы қатар жүреді емес пе?! Бастапқыда ауылға үйрене алмай жүрдім, кейін шет шықсам Қазығұрттың ауасын сағынатын болдым. Сондықтан жұмысымды ауыр деп те айта алмаймын. Ең бастысы әке жолын қудым ғой. Әкем де мал дәрігері. Негізі бұл саланың сырын меңгерсең, ауылдың ешқандай малы ауруға шалдықпайды, өз маусымынды аурудың алдын алып қою қажет! Ал болашаққа жоспарым да жоқ емес. Сырттан алғанша етті, өзіміз де бордақы байлап, сапалы ет өнімдерін ұсынсақ дейміз елге! Сонда арзан әрі сапалы ет – баршамыздың денсаулығымызға залалын тигізбесі анық қой. Себебі дәл қазір осы төңіректе көптеген проблемелар шығып, ауру малдың еттері шетел асып «қонаққа» келіп жатқаны тағы бар».

Байжанның жұмыс орны осы. Қай уақытта болса да жұртшылыққа есігі ашық.
Байжанның жұмыс орны осы. Қай уақытта болса да жұртшылыққа есігі ашық.

Осылайша жұмыс орынмен таныстырған Байжан бізді баспанасына да әкелді. «Менің баспанам да бар»деп марқайған кейіпкеріміз — бүгінде 2 баланың әкесі. Аяулы жар.

«Бұл біздің шаңырағымыз, мынау үлкен бөлме, мынау ас үйі – ең бастысы өз үйіміз бар» дейді Байжан Тасбалтаев. — Отбасын құрғаныма да біраз жылдың жүзі болды. 2 балам бар, асыл жарым перзентханада жатыр. Жуырда үшеу боламыз.

Бұл Байжанның үйінің төргі бөлмесі
Бұл Байжанның үйінің төргі бөлмесі

Осылай қуанған Байжанның қуанышына біз де ортақтастық. Ең бастысы ауылдың тіршілігіне кірісіп, мемлекетімізге қандай да бір үлесін қосып жүрген жас маманға сәттілік тіледік бізде!

Айта кетейік, бастапқыда 2012 жылға дейін деп бекітілген «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2020 жылда дейін жалғасады дейді ОҚО, «Жастар орталығы» МКМ директоры орынбасары Дамир Жүнісов.

Дамир Жүнісов, «Жастар орталығы» МКМ директорының орынбасары: Қазір 20 мыңнан астам жас жұмысқа аттанғаны белгілі. Негізі бастамасында бұл бағдарламаға 5 мамандық құралған болатын. Алайда біз жуырда осы мамандықтарға ветеринария саласы – мал дәрігерлік мамандығы қосылды. Негізі бастама – бізде «Дипломмен ауылға» бапғдарламасының 2-ші форуымы өткен болатын. Сол форум аясында 150-ден астам жастар жиналып, арасында осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген замандастарымыз да келді бұл басқосуға. Осылайша көптеген ұсыныстар айтылды. Бастысы бізде қалыптасқан жағдай – бізде қанша жерден қор болғанымен де, біз аграрлық ел болып қалғанбыз және сондайел болып қала береміз. Болашақта осы аграралық яғни, ауылшаруашылық саласын дамыту үшін де осы салаға байланысты арнайы жобалар мен бастамалар болуы қажет. Айтпағымыз – осы аграном мамандығын бітірген жастарды ауылға жұмысқа тарту. Дәл қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы Министрлігі арқылы депуттардың назарына ұсынып отырмыз. Баста осы Оңтүстіктен тапқан қолдау өге өңірлерде де жалғасын табады деген үміттеміз».

Міне, осы жаңа бастама қолдау табады деп күтейік. Алдағы күндері елді мекендер тағы да білімді мамандармен толығып, ауыл экономикасы жақсара түседі деген де сенім жоқ емес.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*