Денім сау болсын десең, спортпен шұғылдан

Жас футболшылардың өнері

Қаз қатар тізілген оқушылар салауатты өмір салтын ұстанады. Қаламыздағы №24 Саттар Ерубаев атындағы мектепте спортты насихаттауға арналған онкүндік бастауын алды. Дені сау ұрпақты тәрбиелеуді білім ошағы мықтап қолға алған. Сондықтан да бұл шараға оқушылар жаппай қатысыуда.

Каратэден жеңіске жеткен

Ал мына жас футболшылар мектептің мақтаныштары. Өйткені мектеп қабырғасындағы оқушылардн құралған команда мүшелерінің жеткен жетістігі аз емес. Сондай-ақ каратистер мен балуандар да жүлделерден құр қалмай, білім ошағының намысын қорғап жүр. Сөйткен  спортшылар өзге оқушылардың алдында өнерін көрсетіп, спорттық қойылымдар көрсетті, үлгі болды.

Ал мектептің бір топ өрендері өзгелерді спортпен айналысуға шақырды

Елбасы күніне арналған спорттық он күндік әрине қара жорға биінсіз өтпеді. Спорттық киім үлгілерін киіп, ортаға шыққан бишілер осы әннің ырғағымен денелерін шынықтырды. Ал қонаққа атақты спортшылар келіп, оларға сәттілік тіледі.

Мектепте спортты жаны сүйетін оқушылар өте көп екен. Оны үстіне он күн бойына  түріл спорттық ойындар мен сайыстар өтетін болады. Тіпті олар осы тақырыпта қатысты оқушылар сурет салуды да ұмытпаған. Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*