Дәрумендерді қабылдаудың ережелері

Сурет http://rebenok.info сайтынан алынды

 

Балаларға арналған дәрумендер жылдың қай мезгілі болмасын өте маңызды. Дәріханаларда минералдар мен дәрумендердің барлық түрлері сатылады. Ал монодәрумендерді ағзада бір заттың өте қатты жетіспеушілігі кезінде ғана дәрігерлер жазып береді. Мұндай жағдай көбіне баланың бір тағамнан бас тартуы кезінде орын алады. Әрине бір тағамның құрамында бір емес, бірнеше пайдалы дәрумендер болады.

Сиыр мен бұзаудың бауыры және басқа ет тағамдарының құрамында Б12 көп кездеседі.  Егер бала ет жемей, тек көкөністермен тамақтанатын болса, бұл элементті тамақ үлесіне міндетті түрде қосу керек.

Сурет http://blog.santegra-spb.com сайтынан алынды

Оның үстіне балаларға арналған дәрумендер жиынтығын ата-аналар таңдайды. Бір қарағанда, олардың бір- бірінен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ әр элементтің мөлшері әр түрлі болып, бір- біріне сай келмеуі мүмкін. Сондықтан дәрумендерді таңдауда оның жасын міндетті түрде ескеру қажет.

Мәселен бірінші сыныптың оқушысына жетінші сынып оқушыларына арналған дәруменді ұсына алмайсыз.  Есесіне оның неге әуес екендігін біле жүріңіз. Егер балаңыз спортпен айналысатын болса, өсуге көмегі көп А дәруменін ішсін. Сонымен қатар ағзаға өте қажеттілердің ішінде кальций мен магний, фосфор мен темір және иод бар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*