Білім министрлігі ҰБТ кезінде оқушыларды тінтімейтін болды

ҰБТ науқаны кезінде қазақстандықтар арасында жыл сайын түрлі дау-дамайдың туып жататыны белгілі. Бірі ата-аналар тарапынан туса, енді бірі оқушыларға түсіндірме жұмыстарының толық деңгейде жүргізілмегені салдарынан туындайды.

Тестке қатысушыларды тексеруде
Тестке қатысушыларды тексеруде

Солардың арасында тест тапсырушыларын тінту мәселесі талай айқай-шуға себеп болды. Енді, бұдан былай оқушылардың тек өзімен бірге алып кіретін заттары ғана тексерілетін ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер айтып отыр. Тест тапсыратын бөлмеге кірер алдын шәкірттер металліздегіш аппараты арқылы киімінің сыртынан-ақ тексерілмек.

Білім министрлігіндегілер бұл ережелердің сақталуын өз бақылауларына алатындығын жеткізді. Сонымен қатар, министрлік өкілдері ереже бұзған оқушыны аудиториядан шығарып жіберуге және тест нәтижелерін жарамсыз етіп тастауға құқылы. Мұндай жағдайда мамандар алдымен хаттама толтырып, кейін мемлекеттік комиссия төрағасын аталған жайттан хабардар етуі тиіс.

Тест тапсыратын бөлмелерде сондай-ақ, ұялы телефон желісін сөндіріп тастайтын аппараттар және бейнебақылау камералары орнатылмақ. Науқан кезіндегі қауіпсіздікке ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге ҰҚК және ІІМ жауап береді. ІІМ қызметкерлері ҰБТ өтетін аумақтағы қоғамдық тәртіпке жауапты.

Олардың тест өтетін аудиторияларға кіруіне тиым салынған. Тәртіп сақшылары сонымен қатар, оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін де қадағалайтын болады. Ал, ҰҚК қызметкерлері болса сынақ материалдарының тиісті жеріне қауіпсіз жетуіне жауап береді. Өйткені, 2007 жылғы ҰБТ сұрақтары мен жауаптары мемлекеттік құпия статусына ие.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*