Бетке шығатын безеулер нені білдіреді?

Бөртпе немесе безеулер кез келген қыз-келіншекnі мазалайтыны белгілі. Түрлі ем-домарды жасап немесе үй жағдайында майларды жағып әуре-сарсаңға түсеміз. Кейде аянбай, қалтамызды қағып, сұлулық салондардағы косметологтардың көмегіне жүгінетініміз тағы бар. Алайда оның барлығы өз нәтижесін береді деу қиын. Өйткені, бетке шығатын бөртпелердің өз себеп-салдары болады. Ал оның себебін тереңнен, яғни денсаулықтағы кінәраттан іздеу керек. Оған қоса бөртпе адам бетінің әр жеріне шығады. Бірде маңдайға, бірде иекке, енді бірде бетке.Сөйтсек, беттің әр жеріне шығатын бөртпе адамның денсаулығының қай жері мазалайтынынан хабар береді екен. Төменде көрсетілген нұсқаулардан хабардар болсаңыз, дәрігерлердің айтуыншаол мәселенің алдын алып, безеулермен күресуге болады.

Безеулер шығатын аймақтар
Безеулер шығатын аймақтар

1-2  аймақ. Ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсы емес. Бұл аймақтарда бөртпенің жиі шығуы – ас қорыту жүйесіне көңіл бөлу керек дегенді білдіреді. Ол үшін тамақ рационынан жартылай фабрикатталған өнімдерді азайту керек немесе оларды жеміс-жидектерге ауыстырған абзал. Сұйықтықты, суды көбірек ішіп, майлы тағамдардан бас тартқан жөн.

3 аймақ. Бауыр мазалайды. Көп жағдайда бұл аймаққа шығатын безеулер көптеген  тағамдарға  тітіркенуді білдірумен қатар, зәр шығару жолдарында кәніраттың барын білдіреді. Сондықтан тағам таңдауда талғампаз болыңыз. Ішімдіктер мен майлы тағамдардан бас тартып, мейлінші сүт өнімдерін ішіңіз. Күнделікті ұйқы мен аздаған дене жаттығуы да көмегін тигізеді. Бұл бауыр жұмысының жақсаруына сеп болмақ.

4, 5, 7, 8 аймақтар. Бауыр құрғаған. Таза суды мейлінше көбірек ішіңіз.

6 аймақ. Бұл жүректен сыр шертеді. Ащы тамамдардан бас тартып, В және Омега 3  дәрумендерін қабылдаңыз. Қан қысымыңызды үнемі бақылауда ұстамасаңыз, дәл осы тұста проблемалар туындауы мүмкін. Кейде осы аймақтағы тамырдардың үлкеюі мүмкін.

9 және 10 аймақтар. Тыныс алу жүйелеріне назар аударыңыз. Темекі шегу, тітіркену, тіпті қатты ысып кету де осы аймақтарда проблема туындауға себеп болуы мүмкін. Ағзаны сілтілі тіртіпте ұстап, ет, сүт өнімдері мен ішімдіктерден, қант пен кофейннен бас тартыңыз. Тамақ рационыңызға жасыл жапырақты жемістерды қосып, таза ауада жиі серуенге шығыңыз.

11, 12 аймақтар. Бұл аймаққа шығатын бөртпелер стрестер мен гормондық өзгерістерді білдіреді. Безеулер  екіқабат кезде немес етеккір келетін уақытта шығуы мүмкін. Бұл ретте тыныш ұйқы, дұрыс тамақтану, көбірек су ішу көмегін тигізеді, тіпті өзіңізге ұнайтын сүйікті іспен айналысу да артықтық етпейді.

13 аймақ. Асқазаны мазалайды. Міндетті түрде тамақтану режиміне баса назар аударып, көбірек сұйық тамақтармен тамақтанған дұрыс. Суды көбірек ішіп, жасұнық жеу кер деп дәрігерлер кеңес береді. 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*