Базар жоқ театры Шымкентке келмек

Тұрсынбек Қабатов

Мамыр айының басында Астаналық «Базар жоқ» театры Шымкентке келмек. Қазір театр ұжымдарының өнерін қай күні тамашалайтынымыз белгісіз. Өйткені Шымкент қаласындағы оңтүстік цирк ғимаратын жалға алушылардың саны көптеп өсіп жатқанға ұқсайды

Тұрсынбек Қабатаов
Сәтін салса Шымкент қаласына ат басын бұрғалы отырмыз. Тыңғылықты дайындыққа кірістік. Әзірге қай күні екенін белгісіз бірақ көктемнің мамырақай күні мамыр айында жолға шығамыз деп отырмыз. Ал театр әртістері жайында айтар болсақ. — Театрдың директоры мен көр­­­кемдік жетекшісі — өзім, ре­жис­­сері — Нұрлан Қоянбаев, әкім­­шісі Нағи Бақытбеков пен Абы­­лай­хан Асқаров. Редакто­ры­мыз — саз­гер Қалқаман Сарин. Ал әртіс­терден Нұржан Тұтовты та­ныс­ты­рып жатудың өзі артық деп ой­лай­мын. Аманғали атты жан-жануар біткеннің дауысын айныт­пай салатын жігітті де ел біліп қалды. Сосын пародия мен әзілге келгенде алдына жан сал­майтын Ер­болат деген жігітіміз бар. «Ой­пырм-ай» фильмінде ой­на­ған. Сонымен қатар, Елбасыға паро­дия жасаған Дәркен деген да­рын­ды жігіт те бізде. Айта кету ке­рек, Мемлекет басшысына па­ро­дия жасау үшін үлкен жүрек ке­рек. Президентке пародияны ал­ғаш жасаған осы — Дәркен. Дәр­­­­­кен бас­тап беріп еді, патша­мыз­ға бас­қалар да пародия жаса­ғыш болып алды. Қызылордадан аттай қалап алған Қанат деген жігітіміздің тұ­сауы театрмен бірге кесіледі. Анек­дот айтудан алдына жан сал­майтын Бауыржан да көп­тің көңі­лінен шығады деп отыр­мыз. Ал Иманғали Тасмағамбетов, Жүрсін Ерман, Бекболат Тілеухан сынды аға­ларымызға пародия жа­сап жүр­ген Олжасты да таныс­ты­ру­дың қажеті жоқ. Міне, осындай өнерлі жігіттеріміз халықтың кө­ңілінен шығатын қойылым қояды деп үміттеніп отырған жайымыз бар. Айтпақшы, театрымыздың шта­тында тұрақты жалақы алатын ән­шілер де бар. Досымжан Таңа­таров, Дос, Медет Шәйкенов, «Бәй­терек», «Дабыл» топтары біз­дің театрда. Сонымен бірге, 7-ші қысқы Азия ойындары қарса­ңын­да «Азиада» триосы құрылды. Ол топ та бізде. Алдағы уақытта би­шілер тобын жасақтауды жос­пар­лап қойдық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*