Бауыржан Исаев Шымкентке келмек

Бауыржан ИсаевАлдағы мамыр наурыз айларында қаламызға белгілі әнші Бауыржан Исаев концерттік бағдарламамен келмек.Бауыржан Исаев әнші. Мен бұдан алдын келемін деп алдын ала жоспарлап жүрген болатынмын. Ол үшін тіпті жаңа әндер жаздырып, репертуарымды жаңа туындылармен толықтырдым. Алайда кенеттен қатты сырқаттанып аурып бұл жоспарым жүзеге аспай қалды. Енді өз өзіме келіп қайта шығармашылықпен айналысуға бел будым. Өздеріңізге белгілі осыдан бірнеше жыл бұрын түбегейлі Алматы қаласына қоныс аудардым. Қазір отбасылымын. Бала шағам бар. Бірақ бар күш жігерімді салып, шығармашылықтан қол үзіп қалмауға ат салыстым. Жеке продюсерлік орталықта аштым. Өзімнен кейінгі өнерлі іні қарындастырама қолдау көрсеттім. Қазір барлық уақыттарымды гастрольдік сапарға дайындыққа жұмсап отырмын. Тіпті алдағы күндерге концерттік кештермен баратын қалаларымның тізіміде жасалды.
Исаев Бауыржан — әнші. 1979 жылы туған. 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің, дербес әншілік бөлігін бітірген. Жас әншінің талантын төмендегі жүлделері арқылы білуге болады: «Арай» жас орындаушылардың облыстық конкурсының Гран-приі, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсының көрермендер сүйіктісі сыйлығына және II жүлдесі, Түркияда өткен «Памукале» халықаралық фестивалінің дипломы, Азия — дауысы — 96 халықаралық фестивалінің Гран-приі. Бауыржан Исаев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдап, «Аяулым» деген атпен оның алғашқы ән альбомы жарыққа шыққан болатын.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*