Бауыржан Исаев науқастанып қалды

Бауыржан Исаев әнші

Әнші Бауыржан Исаев ақпан айының басында Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келу керек еді. Алайда күтпеген жерден әншінің тамағы қатты ауырып қалыпты. Бұл жөнінде әнші телефон арқылы алынған сұқбатта мәлімдеді. Қазір әнші толғымен денсаулығына көңіл бөліп, ем қабылдайтынын айтты.

Әнші Бауыржан Исаев
Адамның дегені болмайды деген рас екен. Алдын ала жоспарлаған гастрольдік сапарларымның барлығын денсаулығыма байланысты кейінге шегеруге тура келді. Мен қазір ем қабылдап сонымен бірге жаңа бейнеклипімнің сюжеттік желісінде ойластырып жатырмын. Қарап тұрсам соңғы рет клипті осыдан бірнеше жыл бұрын түсірген шығарған екенмін. Енді осы мәселені қолға алмақпын. Желтоқсан айының басында Алматы қаласында жанды дауыста концерттік кеш бермекпін. Аталған кеште тек менің кезінде тындарманның көңіліне жол таба білген әндеріммен жаңа туындыларым орындалады деп жоспарлап отырмын. Қазір мен өнер ордасы Алматы қаласында тұрып жатырмын. Отбасым бар. Үйленгенмін. Екі қыздарым бар. Ендігі алға қойған мақсатым жақсы шәкірттер тәрбиеліп, өз шығармашылығымды шыңдап, өнердің биік шынынан көріну.

Исаев Бауыржан — әнші. 1979 жылы туған. 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің, дербес әншілік бөлігін бітірген. Жас әншінің талантын төмендегі жүлделері арқылы білуге болады: «Арай» жас орындаушылардың облыстық конкурсының Гран-приі, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсының көрермендер сүйіктісі сыйлығына және II жүлдесі, Түркияда өткен «Памукале» халықаралық фестивалінің дипломы, Азия — дауысы — 96 халықаралық фестивалінің Гран-приі. Бауыржан Исаев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқиды. «Аяулым» деген атпен оның алғашқы ән альбомы жарыққа шықты.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*