Батыр кітабының тұсаукесері өтті!

Шымкентте жаңа кітаптың тұсаукесері өтті! Батыр, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірінің соңғы жылдарында  жазған еңбегі «Жарияланбаған жазбалар» атты кітап болып жарық көрді. Жазушы Момбек Әбдәкімұлы қолға алған еңбек осы қаламыздағы баспаханалардың бірінде басылған. Айта кетейік, бұл жинаққа батырдың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған туындылары топтасырылып отыр. Аты айтып тұрғандай жазбалар жарияланбағанымен оқырмандарды қызықтыруда. Ал еңбек жылдар бойы Бауыржан Момышұлының жиенінің қолында сақталған.

Табысбек Қалымбеков батыр аманатын орындадым дейді
Табысбек Қалымбеков батыр аманатын орындадым дейді

Табысбек Қалымбеков, Бауыржан Момышұлының жиені: «Ия, дәл қазір ерекше күйде тұрмын, арқамнан ауыр жүк түскендей… Ең бастысы мен Баукеңнің аманатын орындадым ғой. Білмеймін, өзім осылай есептеймін. Осы аманатты орындау үшін тырысып бақтым. Бауыржан ағамыздың жұбайы өмірден өтерде, қыздарына «Табысбекке табыстаңдар!» деп аманаттаған екен. Еңбек 20 жыл бойы менде сақталды. Сондықтан бүгін мен үшін ерекше күн екенін жасырмаймын. Жазушы  Момбек Әбдәкімұлы да үлкен жауапкершілікпен бұл игі істі атқарып тастады. Енді ел бағасын бере жатар».

Оқырмандар Б.Момышұылның аманат-кітабын оқуға ынтызар
Оқырмандар Б.Момышұылның аманат-кітабын оқуға ынтызар

Ал кітаптың редакторы Момбек Әбдәкімұлы бұл еңбектерден Баукеңнің өр мінезін аңғаруға болады дейді.

Момбек Әбдәкімұлы, жазушы: «Батырдың ерлігін я болмаса жазған еңбектерін жарнамалауға да жоқпыз. Себебі, халық біз айтпай-ақ Баукеңді жақсы таниды. Оның шығармаларын халық бұрыннан жақсы таниды. Сондықтан сол шығармалар сияқты мұнда да батырдың өр мінезі, рухы, биік парасаты, философиялық ойларының бәрі көрініп тұрады. «Солдаттың соңғы күні» деген бір пьеса аяқталмаған, бірақ оны оқыған оқырмандар өзінің шарықтау шегіне жеткендігін аңғарады, шығарма айтар ойын автордың, мақсатын бәрін түсіндіре алады деп ойлаймын. Ал «Жарияланбаған жазбалардың» менің қолыма тиюі де қызық болды. Батыр өзінің жұбайы Жәмилаға қалдырыпты. Ал Жәмила Бауыржан Момышұылының жиені Табысбекке қалдырып кетіпті. Табысбек Қалымбеков деген азамат себепші болды бұл дүниенің жарық көруіне».

Бауыржан Момышұлының "Жарияланбаған жазбалар" атты кітабы оқырмандарға жол тартты
Бауыржан Момышұлының «Жарияланбаған жазбалар» атты кітабы оқырмандарға жол тартты

Сонымен 400 беттен құралған «Жарияланбаған жазбалар» атты дүниенің әзірге 1000 данасы ғана жарық көріп отыр. Кітапханаларға үлестірілуде. Айта өтейік, кітап  жеке демеушілердің көмегімен шыққан. Еңбекте Бауыржан Момышұлының бір топ әңгімелері мен жазбалары және батырға жазған хаттар да бар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*