© 2014 Әйгерім Бегімбет. All rights reserved.

«Балалы үй — базар» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды

«Оңтүстік Рабат» газетінің «Балалы үй-базар» фото байқауына көптеген фотосуреттер келіп түсті. Дегенмен көбі сапасы жағынан төмен әрі, байқаудың басты талабына (бір отбасыдан кемі 4 ұл-қыз болуы керек) сай келмейгендіктен газет бетінде жарияланбады. Газетте жарық көрген 6 отбасы балаларының суреттері арасынан жүлдегерлерді анықтау арнайы комиссяның құзіретіне берілді. Айта кетейік, комиссияға тәуелсіз сарапшы ретінде белгілі фототілші, ардагер-журналист Әбдіуәлі Розметов төрағалық етті.

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Сонымен, «Балалы үй-базардың» жеңімпаздары деп танылғандар мыналар:
І-орын: Аружан, Әсел, Ұлмира, Жанерке Бекхожаевтар (№ 8, 19 ақпан, 2014)

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Бекхожаевтардың отбасында Аружан, Әсел, Ұлмира, Жанерке есімді қыздар желкілдеп өсіп келеді. Олар ата-анасының бары да нары да. Аружан — 10, Әсел — 6, Ұлмира — 5, Жанерке — 1 жаста. Аружан мектепте үздік оқушы. Сабағында оқиды, үй шаруасында дөгңелетеді. Өзінің артынан ерген сіңілдеріне қамқор болып, анасына қолынан келгенше көмектеседі.

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

ІІ-орын: Нұрислам, Еңлік, Нұрғиса, Мұслима Мекембай әулеті (№6, 5 ақпан, 2014)

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Мекембай әулетінің кішкентайлары — Нұрислам, Еңлік, Нұрғиса, Мұслима. Олар Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» шағынауданында тұрады екен. Біздің фотобайқауымызға өздерінің суреттерін жолдай отырып, «біздің басты мақсатымыз, білімді, жан-жақты азамат болып өсу» деген армандарын жазып жіберіпті.

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Ақдидар, Құралбай, Ақниет, Нұрбақыт, Ерасыл, Еркежан Сман отбасы (№19, 7 мамыр, 2014)

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Ақдидар Сман өзінің бауырлары Құралбай, Ақниет, Нұрбақыт, Ерасыл, Еркежанмен бірге топталып түскен суреттерін жібере отырып, арман-тілектерін жазып жіберіпті.12 жасар Ақдидар өскенде мұғалима болғысы келеді екен. Ал, 8 жасар Құралбай — Ермек Серкебаев атасы сияқты әнші болуды армандайтын көрінеді. 6 жасар Ақниеттің арманы білікті дәрігер болу болса, ойынбаласы Нұрбақыт өскенде Отанын қорғайтын сарбаз боламын дейді. 2 жасар Ерасыл мен бесіктегі Еркежанның да аға-әпкесіне қарап бой түзеп, жақсы азамат болатынына сенімдіміз.

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

ІІІ-орын:Аружан, Мөлдір, Бақнұр, Дарын, Нұрмұхаммед Жарлхандар отбасы. (№23, 4 маусым, 2014)
«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында тұратын Жарлхандар отбасында бес ұл-қыз өсіп келеді. Аружан М. Әуезов атындағы орта мектептің 6-шы, Мөлдір 4-ші, Бақнұр 1-ші сыныбын аяқтады.Дарын дайындық тобына баруға дайындалып жүрсе, кішкентайлары Нұрмұхаммет 2-ге толады. Олар бір-біріне қамқор, өнерлі. Мөлдір көркем гимнастикаға қатысып жүр. Аружан би билейді. Оқу жылын сәтті аяқтап, жазғы демалысты қызықты өткізуді ойластыруда.

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Бекайдар, Бекарыс, Бейбарыс, Жанарыс Пірәлиевтер (№11, 12 наурыз, 2014)
Олар Шымкент қаласы «Айқап» шағынауданында тұрады. Бекайдар — 10 жаста. Үйінің тұңғышы, ата-әжесінің ерке немересі. Артынан ерген інілері Бекарыс — 8, Бейбарыс — 6, Жанарыс — 4 жаста. Олар ата-анасының қолқанаты, қамқоршысы, мақтанышы.

«Балалы үй — базар» фотобайқауы

Ынталандыру сыйлығы: Жауқазын, Мансұр, Әрсен, Еркежан — Базарбековтер әулетінің кішкентайлары. (№15, 9 сәуір, 2014)

Олар Шымкент қаласы, Тассай елдімекенінде тұрады. Жауқазын — 8, Мансұр — 6, Әрсен — 4, Еркежан — 1,5 жаста. Фотобайқауымызға суретін жолдаған Жауқазын бойжеткенде «Қазақ аруы» атанғысы келетінін жазып жіберіпті. Ал, Мансұр мен Әрсен «өскенде білімді де білікті маман болғымыз келеді» деп қысқа қайырыпты. Сондай-ақ, балақайлар хатта «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы мықтап ұстанатынын жасырмапты.

Жеңімпаздардың барлығы редакцияның бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*