Балаңызға дұрыс жатын кереует таңдаңыз

Сурет www.мебель-заказ.рф сайтынан алынды
Сурет www.мебель-заказ.рф сайтынан алынды

Біріншіден, жатын кереуеттің қандай материалдан жасалатыны өте маңызды. Өйткені төсектің дем алып және оған жайғасқан бала терісінің де тыныс алуы үшін ең дұрысы ағаштан жасалғанын таңдау қажет.  Кей бөлшектері өзге түрлі пластик немесе металдардан болуы мүмкін, бірақ сәбидің жарақат алмауы үшін оның көп болмағаны абзал.

Төсек орынның мүмкіндігінше бөренеден немесе көп қатпарлы тақтайдан жасалғанына назар салыңыз. Кереуеттің қатты бөлігі табиғи қарағаш пен қандыағаштан жасалса, оның балаңыздың денсаулығына пайдасы мол. Тірегі де ағаштан болсын.

Балалар матрасы. Сурет http://maminovse.ru  сайтынан алынды
Балалар матрасы. Сурет http://maminovse.ru сайтынан алынды

Сондай ақ бала төсегінің матрасына да көңіл  бөліңіз. Оның қалыпты көлемі 120 да 60 см болу керек. Оны сатып алмас бұрын кереуеттің ішкі мөлшерін есептеп алу қажет. Ал матрастың ұзақ уақыт бойы пайдалануға жарамды болғанын қаласаңыз, оның үстіне алдымен клеенка төсеп, одан соң жаялық жапқан дұрыс. Есте ұстаңыз, пайдаланған матрасты сатып алудан аулақ болыңыз.

Балалардың төсек орнын дайындауда жайманың түкті, мақтадан жасалғанына назар салыңыз. Өйткені жайма жұмсақ болу керек. Балалар қолданысындағыны крахмалдау қажет емес. Ал дәрігерлер сәбиіңіз бір жасқа толмайынша, жастық қолдануға тыйым салады. Бұл перзентіңіздің әлі толық жетіліп үлгермеген омыртқа жотасына зиян.

Жастықтың орнына бірнеше рет бүктелген жаялықты пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*