Бәрінен де сен сұлу

Бәрінен де сен сұлу

Сұлулық ұғымын әркім өзінше түсінеді. Біреу үшін ол тән сұлулығы болса, келесілер жан сұлулығын жоғары қояды. Десек те сұлулық тек қыздарға жарасады, «сұлулық әлемді құтқарадыә деп, бекерге айтпаса керек. Одан сұлулықтың үлкен құдіретті күшке ие кендігін  аңғаруға болады. Тіпті ақындарымыз қай кез болмасан оларды ән мен жырына қосып, әспеттеуден талмаған.

Десек те, сұлулықты, әсемдікті әрбір адам өздігінше қалыптастыруға тырысуда. Қаламыздағы жоғарғы оқу орындарының қыздары сабақтан тыс уақытта әсемдіктің әдемі үлгісін көрсетуге кірісті.  Ол  қайталанбас ою- өрнегі түскен қазақи қиім үлгілері арқылы дефиле ұйымдастырды. Айта өтейік, олар барлық киім үлгілерін өздері тігіп шыққан.

Қоғамдық кәсіптер және дизайнар кафедрасының студенттері ұйымдастырған «Бәрінен де сен сұлу» шарасында қыздар бірінен соң бірі сахнаға шығып, сән үлгісін көрсетті. Олар 5  бағытта өнер көрсетіп, осылайша жастар арасында қыздарға лайықты, жарасымды киім үлгісін қалыптастыруды қолға алмақ. Аса талғампаздықпен таңдалынған мата түрлері арқылы олар әр қыздың мінезін ашып көрсетуге тырысты. Оның ішінде қазақи өрнектермен өрнектеліп тігілген киімдердің орны бөлек. Ал бойжеткендер жан сұлулығымен қатар, жарасымды, сәнді, тартымды киінуге де көңіл бөлуі керек деп санайды ұйымдастырушылар.

Ал оқытушылар құрамы студенттердің заман табалына сай, сегіз қырлы, бір сырлы, инабатты да жаны сұлу болғанны қалайды. Сондықтан бұл бағытта іс шараларды жиі өткізуге ниеттініп отыр.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*