Бүркіт пен Аиша «Тау сезімдерін» білдірді

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша

Жылдың хиті, тойдың әніне арналған «Тау сезім» әнін Бүркіт пен Аиша Шымкенттің төрінде шырқады. Жанды дауыста, нақышына келтіре орындаған әнге тек Аиша ғана емес, бүкіл шымкенттіктер тамаша биледі. Астанадан арқаланып келген ерлі зайыпты шоқ жұлдыздарымыз Шымкент кешіне де сән берді, ал тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Аиша: «Мен шырайлы қалада алғаш рет емес, талай рет болғанмын. Бірақ, осындай аяз болады деп ойламаппын. Әлде Астананың аязын біз әкелдік пе? (күледі). Халық керемет қарсы алды. Осындай суыққа қарамай бізбен бірге ән айтып, бізбен бірге биледі. Мен шымкенттіктерге тек қана табыс тілеймін».

Бүркіт: «Тәуелсіздік  бізге оңай келген жоқ. Бейбіт елде осылайша ән салып, той тойлап жүргеніміз ата-бабаларымыздың арқасында. Жастарымыз ақылды, білімді болсын. Әнұранымыз шарықтай берсін».

Осылайша, керемет кештің басты кейіпкерлеріне айналған ерлізайыпты жұлдызды топтың алдағы мақсаттары жарқын екенін байқадық. Бізде мәңгілік махаббат пен таусылмас әндер тілейміз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*