«Астана.kz» жаңа жобасын ұсынады!

«Астана.kz» КВН командасы! Әрине, Қазақстанда осынау КТК ойындары алғаш шыққанда-ақ бірден көпшіліктің көзаймына айналып үлгерген құрама бүгінде үлкен сахналардан көрініп жүр. Сондықтан елге етене таныс есім екені жасырын емес. Тіпті бұл жігіттер арасынан өз алдына әзіл-сықақтың шаңырағын құрып, театр ашып, «Астанада театр!» деп ұрандағаны да есімізде ғой! Ал біз қазір осы құраманың жаңалығын жеткізбекпіз ,Сіздерге! Жуырда 1-ші қаңтарға дейін «Астана.kz» КВН командасы бұрындары өздері Мәскеудің сахнасында бәсекеге түскен ресейлік КВН ойыншыларымен кездесіп, жаңа жоспар құрмақ көрінеді. Айтуларынша, жуырда республикалық телеарналардан ресейлік өнерпаздармен біріге ойнаған қалжың қойылымдар көрсетілсе таң қалмаңыздар дейді жігіттер. Сондықтан өнер иелерінің тосын сыйы баршамызды күлкіге көму екен.

"Астана.kz" жігіттері жаңа жобасын айтып, көрермендерінен қолдау күтеді
«Астана.kz» жігіттері жаңа жобасын айтып, көрермендерінен қолдау күтеді

«Астана.kz» КВН командасы: «Бізді жастар қартайып қалды деп ойламаса кен дейміз! Сол үшін жаңа жобалар ұсынбақпыз! Ерекше әрі тартымды, қызық! Міне, осылай ерекшеленетін болады! Алдағы күндері көрермендерге тамаша тартуымызды ұсынатын боламыз! Сондықтан, міндетті түрде жаңалығымызды бөліскенді дұрыс санадық! Барша жұр жолымызға тілеулес болады деген үміттеміз. Талай байрақты бәсекелерде елді жерге қаратпай, жүлдемен де оралдық қой. Сондықтан бізге сеніп, бізбен бірге болсаңыздар екен дейміз!»

"Астана.kz"-нің негізін қалаған құрама көрермендерін тың жобаларымен қуантып, өнерлерін паш етпек
«Астана.kz»-нің негізін қалаған құрама көрермендерін тың жобаларымен қуантатынына сенімді

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы, шілденің 20-жұлдызында   «Астана.kz» КВН командасы Юрмаладағы жарыста жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлап, елдің абыройын асқақтатқан еді. Көптеген халықаралық дәрежедегі сайыстарда да қоржынға жүлделерді салған. «Астана.kz» КВН командасының іргесін қалаған жігіттердің бірі Ярослав Мелёхин мен Тұрсынбек Қабатовтың ашқан «Базар Жоқ» театры бүгінде жұртшылықтың жүрегінен орын алып үлгерген өнер ұжымы! Сондықтан құраманың бұл  жоспары көрерменнің көзаймы болады деген сенім мол!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*