Арулар 8-наурызда қандай сыйлық қалайды

Әне-міне дегенше арулардың асыға күткен мерекесі келіп қалды. Сұлулыққа жаны құмар нәзікжандылар бұл күні ерекше сый күтетіні де жасырын емес. 8-наурызды «өзімнің күнім» деп белгілеп, бұл датада көтеріңкі көңіл күймен тойлайтын олардың бұл жылы да ерекше ықылас-сый күтетіні белгілі. Ендеше бұл сұрақты өздерінен сұрап көрелік.

Ардақ Жақсылықова
Ардақ Жақсылықова сыйлыққа гүл шоғын алуды жақсы көреді

Ардақ Жақсылықова, «Отырар» телеарнасының тілшісі: «Сегізінші наурызда тек гүл алғанды жақсы көремін. Егер басқа да сыйлық беріп жатса, қарсылық көрсетпеймін. Десе де раушан гүлдерді жақсы көремін. Студент кезімде группаластарым керемет сыйлық сыйлаған. Әлі күнге дейін есімде. Сол күні бізді құттықтамады. Іштей ренжіп, жатақханаға қайтқанымыз бар. Кешкісін жедел жәрдем келді. Қызықтап, сыртқа шықсақ ішінде біздің балдар, өлеңдерін айтып, үлкен-үлкен раушан гүлдерін арқалай келген. Бір қызығы олардың барлығы медициналық құрал-жабдықтарға салынған».

Жанат Тохтарбай иіссу - менің сүйікті сыйым дейді
Жанат Тохтарбай иіссу — менің сүйікті сыйым дейді

Жанат Тохтарбай, «Жыл сайын гүл сыйлайды ғой. Сондықтан болса керек, биыл гүл алғым келмейді. 100мл «Эйфория» деген иісуды сыйласа рахмет дейтін едім. Бұрын осы «Эйфория»-ны қолданатынмын, қазір сол иіссу маған көп естеліктер сыйлады. Сол үшін де жақсы көретін шығармын мүмкін. Ал қызықты оқиғам университетте вахтада апайлар открытка берді, құттықтау қағазынің ішінде гүлдердің ізімен келе бер деп жызылыпты. Жеті гүлден кейін бір қорап бар екен, оның ішінде жүректің формасындағы тәтті нан (торт)7 гулден кейн ол жерде бир екен. Бұл сәт менің есімнен ешқашан шықпайды».
Айнұр Ақбаева, бірінші арнаның тілшісі: «Әдетте әйелдер гүл күтеді. Мен гулді аса ұнатпаймын. Бір тосын сыйлықтар алғанды ұнатам. Естелік ретінде берілетін. Аса қымбат емес. Мәселен менің ұлым өз қолынан бір зат жасап сыйлайды. Соны асыға күтем. Бір жылы бізді , яғни тілші қыз -келіншектерді түрлі мекемелер құттықтап жатады ғой. Солардың бірі моншаға керек «мачалка» мен аяқ киім сыйлады. Бәріміз соны алып, күліп қайтқанбыз».

Ақмарал Алтынбекқызы, «Оңтүстік Рабат» газетінің жауапты хатшысы:»Мен сыйлықты бөліп жармаймын. Сондықтан кім қандай сыйлық жасаса да балаша қуанып қабыл алам. Арнайы сыйлық күтпеймін. Ал қызықты сыйлық алған емеспін. Бұл мейрамда өзім де анама, әпке-сіңліме, жақын құрбыларыма сыйлық дайындаймын».

Динара Бекболаева тосынсыйды жақсы көретінін жасырмады
Динара Бекболаева тосынсыйды жақсы көретінін жасырмады

Динара Бекболаева,»Отырар» телеарнасының тілшісі:»Қызғалдақ гүлін өзім қатты жақсы көремін. Иісі де керемет! Жыл сайын достарым маған қызғалдақы сыйлайды. Сол кездегі қуанғанымды көрсеңіздер! Ал биыл маған осы қызғалдағым мен «айпэд» сыйға тартқанын қалар едім. Шынымды айтсам, мерекеде осы сыйлықтарды күтемін».

Арайлым Бауыржанқызы, студент: «Мен гүлді жақсы көремін. Сол үшін қай кезде де, қай мейрамда да гүл сыйласа болды. Өзімді бақытты сезінемін. Қымбат сыйлық керек емес. Ең бастысы шын ниетпен сыйласа болғаны. Ал ең қызық сыйлық алған кезім, былтыр 8-наурыз күні ұйқыдан тұрсам әкем мен інім Батырхан бір құшақ мұздай қызғалдақты көрпемнің үстіне қойып кетіпті. Салқын нәрсе бет-аузымда жбырлаған соң, оянып кеттім. Қасында құттықтау қағазы да бар. Бұл сыйлық менің өмірімдег ең тамаша сыйлық болды деп айта аламын».

Жанар Есенбекова ең қызықты сый алған сәтін ұмытпайды
Жанар Есенбекова ең қызықты сый алған сәтін ұмытпайды

Жанар Есенбекова, «Отырар» телеарнасының тілшісі:»Маған 8-наурызда міндетті түрде гүл шоғы, сосын өзім жақсы көретін ланвиннің кермет әтірін және тағы да міндетті түрде көңіл күй мен жылылық сыйлалса болғаны. Ал есімде қалған 8-наурыз мерекем, әкем мен інілерім таңсәріде анам және үш сіңіліме жауқазын гүл шоғын сыйлап, біз үшін ас пісірген. Бұл менің өмірімдегі ең қызықты сәттер».
Ал жігіттер қауымы арулар мен анасына мереке қарсаңында сый-сыяпат жасаудағы жоспарларымен бөлісті.

Жаңабек Шарапаттегі әр жылы анасына гүл сыйлауды парыз санайды өзіне
Жаңабек Шарапаттегі әр жылы анасына гүл сыйлауды парыз санайды өзіне

Жаңабек Хамраев, Сайрам аудандық «Жастар орталығы» МКМ директоры:»Шын мәнінде аналарымызға әрбір сәтімізде, әрбір таңда алғысымызды білдіріп, шынайы ықыласпен басымызды исек те артықтық етпейді. Біз жыл сайын 8-наурыз күнін отбасымыздағы барлық жан анамызды құттықтаумен бастаймыз. Ақ ниеттерімізді айтып, батасын аламыз. Сый-сипатымызды табыстаймыз. Ал биыл анама ұялы телефон сыйға тартуды ұйғардым. Гүлімен қосып әрине. Ал арулар қауымна жауқазын гүлін тарту етпекпін. Ал есте қалатын қызықты сыйлық — тұрмыстық жағдайда жарамсыз заттардан гүл жасағанмын. Аса сәтті шықпағанымен, ерекше болды».

Нұрбек Байбосын барша аруларды мерекесімен құттықтады
Нұрбек Байбосын барша аруларды мерекесімен құттықтады

Нұрбек Байбосын, «Хабар» агенттігінің тілшісі:
Бүгін, Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Анаға айтар, жылы сөз

Тілектердің лебізі.

Міне, осы шумақтармен басталатын жыр жолдарын бала күнімнен жаттап өскенннен соң ба, өзім үшін 8-наурыз қадір-қасиеті бар мереке ретінде атап өтуге тырысамын. Мен, негізінен ата мен әженің қолында тәрбие алғандықтан бала кезімдегі көп сыйлықтарымды қолдан жасап Мектепкүл әжеме тарту ететінмін. Бір күні, 8-наурыз жақындағанда бір ой келді. Неге осы, әжеме және үйдегі Гүлмира жеңгеме бір сыйлық жасамасқа деген. Ол кезде, бұл Нұрбегің кішкене жігіт болып 5-сыныпта оқитын кезі. Қыздарға да қырындап қалған сәт қой, не дегенмен. Содан, күнде атам мектепке беретін тиынды өзімше жинадым. Мереке күні, буфетке барсам бір алтын секілді жылтыраған заттар сатылып жатыр екен. Онда жүзік дейсің бе, алқа керек пе бәрі де бар. Содан мен, қызды-қыздымен жиналған 800 теңгеме апа жүзік, жеңгеме мойынға тағар алқа сатып алдым. Ал, енді оны беру керек ? Сабақтан қайтып, үйге қуана жетіп апамды құшақтап сыйлығымды берсем апам ұрсып жүр. Мұны қайдан алдың деп. Мен апа, алтын ғой тағып көріңізші деймін қоймай. Не керек, тақты ғой апам. Жегеме де сыйладым. Балаң көңіл, қуаныштан жүрегім жарыла жаздады. Ай бірақта, соның алтын емес қазіргі тілде айтқанда бижутерия екенін білсем ше сонда. Міне осысымен 8-наурыз есте қалған, және қалады да. Анама да, әр мерекеде сыйлық жасауды ұмытпаймын. Тек, жұмыс барысымен Шымқаладан ұзағалы осымен үшінші көктем болуда. Сыйлықты кейін, үйге апарып беремін. Бірақ, әрдайым апкелерімді, қарындастарымды ең әуелі әжемді сонан соң мамамды жеңгелерімді телефон арқылы байланысып, құттықтауды естен шығарған емеспін. Бойдақ болған соң, сүйікті жардың ауылы алыс болып тұр. Дегенмен де, осы жолы шын жүректен оңтүстіктегі сүйгеніме ұлыстың ұлы күнінде барғанда 8 наурызымен ерекше түрде құттықтайтыным анық. БАРША, ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР, АНАЛАР АРУЛАР КӨКТЕМНІҢ БІЗ САҒЫНҒАН, БІЗ ҰНАТҚАН ГҮЛДЕРІ !!! СІЗДЕРДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН, 8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН ! БАҚЫТҚА КЕНЕЛІҢІЗДЕР, ҚАЗАҚТЫҢ ӘР АРУЫ, ӘР АНАСЫ ӘРБІР ӘЖЕСІ КӨКТЕМ СЕКІЛДІ АЖАРЛАНЫП ЖҮРУГЕ ҚҰҚЫ БАР. СЕБЕБІ, ОЛАР НЕБІР ҚИЫН-ҚЫСТАУДА ЕРЛЕРМЕН БІРДЕЙ ЕҢБЕК ЕТТІ. СОЛАЙ БОЛА ТҰРА, БАТЫРДЫ ДА АҚЫНДЫ ДА ӘКІМДІДЕ ПАТШАНЫ ДА НЕБІР ДҮЛДІЛДЕРДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН СОЛАР. МЕРЕКЕ, МЕРЕКЕГЕ ҰЛАССЫН ! СІЗДІҢ ДЕ, МЕРЕКЕҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН МӨЛДІР ХАНЫМ !!!

Халықаралық мерекені тойлауға баршамыз асығудамыз. Ендеше, аруларға қандай тарту жасалса да шын жүректен болуы маңызды екенін ұмытпайық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*