Арай 2013 Республикалық ән байқауына іріктеу жүріп жатыр

Арай 2013 байқауы

Шымкентте республикалық «Арай» байқауына үміткерлерді іріктеу басталды. Биыл 17-ші ұйымдастырылып отырған өнер додасына қатысуға 40-тан астам жас ниет білдірген. Шарт әдеттегідей, патриоттық тақырыпта және еркін әрі кез-келген тілде ән орындау. Талантты, талапқа сай өнерпаздар іріктелген соң, ақпанның 21-22 күндері өтетін байқауда халық алдында өнер көрсететін болады. Республикалық додаға қатысуға үміттілер еліміздің түкпір-түкпірінен де келді.

Биылғы ұйымдастырылып отырған отырған республикалық «Арай» байқауы- облыстық мәдени іс- шара жүргізушілерінің байқауымен бірге өткізілмек. Ондағы мақсат ұлттық сипатты жоймастан, заманауи ағымда өткізілетін іс шараларды жүргізетін, тілге шешен,интелектуалдық денгейі талапқа сай жастарды анықтау және оларға бағыт-бағдар бере отырып, қабілетін одан әрі дамыту. Ал негізгі кеш яғни Республикалық «Арай 2013» жас эстрада әншілері және мәдени іс шара жүргізушілердің байқауы 2013 жылдың 21-22 ақпанында Шымкент қаласы Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрыныда өтеді деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*