Анар Талғатқызы терме жаздырды

Терме менің өмірім жайында

Әнші әрі асаба, «Үміт» продюсерлік орталығының жетекшісі Анар Талғатқызы өнерге жақында келседе репертуары бірнеше әндермен бейнеклиптермен толыққан. Жақында әншінің орындауында «Қыздардың қызық өмірі» атты терме жарыққа шықты. Сонымен бірге бірнеше күннен кейін Анардың жаңа «Асылым» атты әндеріне түсірілген бейнеклипі жарыққа шықпақ. Ал термеге әнші бейнеклипті кейінірек түсіремін деп отыр. Өйткені ән өте ауыр, бейнеклип түсіруге көп ойланып кірісемін дейді әнші.

Анар Талғатқызы, әнші: «Терме айтуым менің терме бағытына түбегейлі ауып кеткенім емес. Өзімнің қиын тағдырымды сөзбен тізбектеп шыққым келді. Басты мақсатым. Менің өткен өмірім өзімнен кейінгі қаракөз қыздарға сабақ болсын деймін. Өйткені бірде өнердегі ұстазым Құрманай Бақтиярқызымен бірге отырып осылай жасауға көштік. Құрманайдың маған берген кеңесі. Сенің көзіне, сөзіне. өткен өміріңе үңілдім осыларды ұштастырып неге терме етіп жазып шықпасқа деді. Оның айтқан кеңесі меніңде көңілімнен шықты. Міне осы терменің шығу тарихы. Бұл өмірде сүріндейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ дегендей. Менде өмірде жаңылдым. Бірақ қазір Аллаға шүкір жағдайым бір қалыпты. Алла берген ұлым, жанымды түсінетін жанашыр анашым бар қасымда. Міне солардың арқасында мен қазір жүрмін. Ал халқымның арқасында мен өнердеде өз орнымды таптым деп айта аламын. Алдағы уақытта осы термеме жақсы бір бейнеклип түсірсем деймін. Бірақ оған көп дайындық керек. Асығыстық жасағым келмейді. Сәтін салса жаңа туындым жарыққа шықса алдымен сүйіншіні осы өнер сүйер қауымнан аламын».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*