Анар Талғатқызы продюсер болмақ

Келші айым, Қайықта секілді бірнеше әндердің орындаушысы, бүгінде өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген әнші Анар Талғатқызы тындармандарды таңқалдыруын жалғастырып жатыр. Жақында әншінің орындауында қыздар жайында терме жарыққа шықса, енді әнші өзін продюсер ретінде сынап көрмек. «Ар Үміт» деп аталатын қос жігіттен құралған топтың алғашқы әндеріде жарыққа шығып үлгеріпті.

Анар Талағатқызы әнші.
Жақында екі әнші Шоқан мен Нұрдос атты жігіттердің басын қосып топ құрдым.Дуэтке «Ар үміт» деп қоюымныңда өзіндік себебі бар. Өйткені продюсерлік орталығым жан анашымның есімімен аталған. Ал анашымның маған сіңірген еңбегі зор. Барлық қиын сәттерде қол ұшын беріп, менің жан дүниемді түсінетін жан ол. Міне сондықтанда топты «Ар үміт » деп атадық. Қазір әнші жігіттермен көптеген жұмыстар жасап жатырмыз. Өзге әншілерден ерекше болуымыз керек қой. Өзіндік стиль керек жігіттерге. Егер сәтін салса, жаңа бейнеклип түсіру басты жоспарымыз болып отыр.

"Ар үміт" атты жаңа топ

Анар Талғатқызы әнші продюсер

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*