Алтынай Жорабаева жаңа бағдарламамен халық алдына шықпақ

 

Алтынай Жорабаева әнші

Бірнеше байқаулардың жеңімпазы әнші Алтынай Жорабаева біршама уақыт үзілістен кейін қайтып шығармашылығына оралды. Жаңалықтар дүмпуі енді басталады десе де болады. Ең алдымен жеке шығармашылық концертімді беру басты жоспарымда тұр. Одан кейін Айгүл Иманбаева екеуіміз елімізді таңқалдырарлықтай жеке концертімізді ұсынбақпыз дейді әнші Алтынай.

Алтынай Жорабаева әнші
— Ел ішінде өнер адамдары туралы қауесет көп айтылады ғой. Одан біз де «сау» емеспіз. Біз туралы расы бар, өтірігі де аралас неше түрлі әңгімелерді естіп жатамыз. Кейде тіпті «осының бәрін қайдан тауып алады ?» таңқалатын кездерімізде бар. Өсек, қауесеттен аулақ болу мақсатында ән кешімізді бірігіп. Өнер мен жеке өмірді араластыруға болмайды. Екеуінің бір -біріне зияны тимеуі керек. Біз дос екенімізді, бір-бірімізге қолдау көрсететінімізді, өткен өмірдің біздің достығымызға сызат түсірмегендігін дәлелдеу мақсатында осындай шешімге келдік. Өсектен, жаладан шаршаған соң екеуіміз келісіп, концертімізді халыққа ұсынауды жөн санадық. Қазір көбісі маған неге сізді Сәбит ағаның түсіріп жатқан киноларынан көрмейміз дейді. Менің айтар жауабым. Мен Сәбит кино түсіріп жатқанда аяғым ауыр болды, содан кейін босанып жаттым. Егер сәтін салса болашақта кинолардан көріп қаларсыздар. Ал қазір мен уақытымның басым көпшілігін шығармашылыққа жұмсаудамын. Өйткені күнделікті жаңа әндер жаздыру, бейнеклип түсіру дегендей. Айта берсем тізімі көп. Жақсы сапалы бейнеклиптерді жарыққа шығарып, концерттік кештерге дайындыққа кірісіп кеттім.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*