Алтын көпірге тағылған құлыптар

Көпірдің темірлеріне әр бес метр сайын құлыптар ілінген

Осыдан бір жыл бұрын салынған Тәуелсіздік саябағы қаламыздағы теңдесі жоқ бақ болады деп күтілген болатын. Ескі қалашықтың орнына салынған демалыс бағы шынымен де көз тартады. Алайда саябаққа өтер жолдағы алтын көпірдің жағдайы дәл сондай ма? Десек те атына заты сай келмейтін  көпірдің көркін әр жеріне жазылған ғашықтық сөздер мен ілінген құлыптар бұзып тұр. Бұл жастардың қолынан шығатын іс екені рас. Осы орайда біз замандастарымыздың пікірін біліп көрдік.

Ғашықтардың естелік қалдыру әдеті

Арман Талғантов, студент:  «Құлыптарды әрине жастар тағып кетеді көпірге. Өйткені қарттардан мұндай шықпайды. Оның себебі көп. Әсіресе, қос ғашық бақытымыз мәңгілікке созылсын немесе осы құлыптай берік болсын деген оймен іліп кетеді».

Жазира Сағынтаева, студент: «Ол-еріккендік. Не істерін білмей, қолдары бос жүрген жастарымыз іштері пысқандықтан тағады немесе қызық көреді».

Қөпірдің жағдайы

Айнұр Шойынбаева, қала тұрғыны: «Қазамыздың тарихи, көрікті жерлерін сақтау да біздің қолымызда. Егер мұны жастарымыз түсінбесе, барлыр жерге айыппұл төлейтіндігі жөнінде жазылған тақтайшалар қойылған жөн және мұндай орындарға бейнебақылау құрылғысын орнату керек. Қоғамдық орындарға зиян келтіргендер үшін тәртіпсіздерге айыппұл төлету қажет. Сонда бұзақылар тыйылады деп ойлаймын».

Ал сен не ойлайсың, оқырман?

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*