Алтын күздің сыйы

Қарбызға жазылған алтын күз

Қоңыр күздің алғышқы салқыны түсісімен, мектеп оқушылары да «Алтын күз» мерекесін атап өтті. Атаулы күнді олар жыл сайын асыға күтеді. Сонымен қатар жыл өткен сайын оның қызықты өтуіне ат салысады.

Оқушылар мұны күздің бізге берген сыйы деп біледі

Қаламыздағы №9  лицейдің оқушылары бұл жолы күзде пісетін жеміс-жидектер мен дәнді-дақылдарды пайдалана отырып, көрме ұйымдастырыпты.

Күз бейнесіндегі қыз

Мұнда жеміс -жидектер мен дақылдардың барлық түрін кездестіруге болады. Ерекшелігі, оқушылар өздерінің қиялдарына ерік беріп, түрлі пішіндегі заттарды жасап шығарған.

Күлкілі асқабақ

Алма, жүзім, ананастан маймылдың бейнесін жасаса, алмадан «Эйфел» мұнарасын шығарған. Картоптар адамның кейпіне енсе, баклажан аяқ киімге айналыпты. Ал банан құртқа айналса, қызанақ пен қиыр ертегі кейіпкерлерінің кейпінде.

Баклажан жайтабан аяқ киімге айналған

Шара барасында мектептің 5,6,7,8 сынып оқушылары арасында үздіктерді анықтап, тапқырларды марапаттады.

Картоптан жасалған ертегі кейіпкері

Ұйымдастырушылар шараны өткізудің пайдасы көп дейді. Өйткені мұнда денсаулығымызға пайдалы дақылдар қойылған. Оқушылар олардың пайдасы жөнінде мәлімттерден хабардар болды . Енді олар Алтын күз мерекесін келесі жылы да өткізетін болады.

Оқушылар мұны молшылыққа, тоқшылыққа балайды

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*