Абылай ханның туғанына — 300 жыл

Қазақтың ірі хандарының бірі Абылай ханның туғанына — 300 жыл. Заманында ел қорғаны болған хан өмірінің соңғы сәттерін осы біздің Оңтүстікте өткізген. Тіпті сүйегі Түркістан қаласындағы, Ахмет Яссауи кесенесінде жерленіпті. Сондықтан болса керек, Оңтүстік жұртшылығы даланың дара тұлғасы Абылай ханды ерекше құрметтеп, қазақтың тәуелсіздігі турасында еңбегі сіңген тұлға ретінде таниды.

Абылай ханның туғанына - 300 жыл. Мектеп оқушылары билеушіні еске алды
Абылай ханның туғанына — 300 жыл. Мектеп оқушылары билеушіні еске алды

Ал бұл күні қаламыздағы жасөсіпірмдер кітапханасында мектеп оқушылары Абылай ханның өміржолын ұлықтайтын сайыс өткізді. Доданың ерекшелігі де сол — сауалдар тек осы ханның өмірбаяны мен ерлік ірі шапқыншылықтарынан келген. Ал осы сұрақтардан сүрінбеген оқушылар да болды. Мәселен,  №7 Қ.Спатаев мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Индира Ұзақбаева берілген 10 сұраққа мүдірмей жауап берді. Сонымен қоса, шәкірт алдағы уақытта Абылай ханның өмірін толығырақ зертеуге ынтық екенін де жасырмады.

Индира Ұзақбаева болашақта Абылай ханның өмірін зерттеймін дейді
Индира Ұзақбаева болашақта Абылай ханның өмірін зерттеймін дейді

Индира Ұзақбаева, оқушы: «Әрине, Абялай ханның өмірі — тұынып тұрған тарих. Тарихшылар менің ойымша, Абылай ханды терең зерттей алған жоқ. Себебі, Абылай хан жайында зерттелгендерден гөрі зерттелмеген мәліметтер басым! Сондықтан болашақта толығымен зерттегім келеді. Мәселен, бір деректерде оның 30 ұл баласы, 40 қызы бар деп көрсетіледі. Енді бірінде 72 деп көрсеткен. Расында қанша ұрпақ қалған артында осының анық-қанығын білгім келеді. Сосын оған Төлеби осы ерлікті, батырлықты үйретті ғой. Өмірге деген көзқарасын үйретеді. Сондықтан осы Төле би мен Абылайханның қарым-қатынасын, айтылған  уәждерін білгім келеді. Осыны зерттеймін болашақта, ал дәл қазігі уақытта біздің тарих Абылай ханды толығымен зерттеуге ден қоюы керек сияқты. Себебі, Абылай хан тәуелсіздік туы жолында жанын сарп еткен хандардың бірегейі ғой».

Ал тарихшылар да Абылайдың елі үшін жасаған ерлік тері мен билік жүйесі ешқашан ұмытылмайтынына сенімді.

Ал бұл қазылар алқасы оқушылардың сайысына баға берді
Ал бұл қазылар алқасы оқушылардың сайысына баға берді

Қайрат Анарбай, тарих ғылымдарының доценті: «Ия, мен Абялай ханның есімі ел есінен шықпайды деп айта аламын. Себебі, ел арасында жаңа туған нәрестелердің өзіне Абылай хан деп азан шақырылып ат қойылуының өзі осының дәлелі емес пе?! Осындай ел басына кун туған заманда, жоңғарды жоюда, жалпы жоңғар мемлекетін түбегейлі жоюға атсалысқан ірі хандарымыздың бірі осы Абылай хан. Осы тарихшылардың ішінде Сәбит Жолдасов деген азаматтың қалам тартып жүргені — көзі қарақты оқырманға таныс боулы керек. Бір айта кетерлігі — бүгін енді 300 жылдығы ханның деп атап өтіп жатырмыз ғой. Тарихта бұл келіспеушіліктер бар. Себеб бір жазбаларда Абылай хан 1711 жылы дүниеге келді деп жазылса, енді бірінде 1713 деп жазылады. Дегенмен бәрібір осы жылдар Абылай ханның 300 жылдығы екені анық. Сондықтан атаулы датаны айрықша атап өту — ел мерейін үстем етеді десем артық айтқаным емес».

Қазақстан тарихында Абылай хан жайында қалам тербеген тарихшылар аз болған жоқ
Қазақстан тарихында Абылай хан жайында қалам тербеген тарихшылар аз болған жоқ

Қиялды қысыратып, сананы сарсылтқан сан ғасырлар бойы қазақ елін қаншама хандар басқарғаны мәлім. Алайда жасында Сабалақ есімін арқалаған хан Абылай билік жүйесі бүгінде алты Алаштың айтар аңызына айналған.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*