2013 жылдың иесі жыландар жайлы не білеміз?

2013 жыл — жылан жылы! Ал біз осы 365 күннің иесі туралы не білеміз? Иә, көпшілік бұл жорғалаушыны улы деп танып, қорқатыны да жасырын емес. Сондықтан, жылан жайында жазуды жөн көрдік. Жылан түрлері бар әлемге таралған. Тек Антарктидада ғана кездеспейді. 3000-ға жуық түрі мәлім. Көбіне Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері таралған . Жылан негізі баурымен жорғалаушылар класы, және қабыршақтылар отрядының бір тармағы болып табылады. Денесі жұмыр, ұзындығы 8 см-ден басталады. Мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар денесін толығымен жапқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік алады.

Жылан жылы 2013 жылдың иесі атанды, енді бауырымен жорғалаушылар 365 күн бойы әмірлігін жүргізеді
Жылан жылы 2013 жылдың иесі атанды, енді бауырымен жорғалаушылар 365 күн бойы әмірлігін жүргізеді

Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, күндіз , түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді формада. Сонымен қоса көздері мөлдір қабықпен көмкерілген. Ал есту қабілеті де жоғары жыландардың. Алайда сыртықы есту тесігінде дабыл қағу жарғағы жоқ Сондықтан жорғалаушылар көбіне ауадағы дыбысты ести бермейді.. Сезу қызметін тілі атқаратындықтан, Тілі ұзын, ұшы айыр. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Ал Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері болады, олар қозғалмалы кейіпте. Бұл әдіс оларға ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға көмектеседі екен. Арнайы Аяқтары болмайды. Тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр және бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді мүшесі бар.

Усыз жыландар жемтігін тістерімен аулап, қоректенеді
Усыз жыландар жемтігін тістерімен аулап, қоректенеді

Жыртқыш жыландар тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Ал бәрінен бұрын жыландардың емдік қасиеті мол. Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болған. Тарихи дректерге жүгінсек, Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал мысырлақтаржылан уынан түрлі дәрі-дәрмек жасап, адам денсаулығын нығайтуды ерте бастан қолға алған көрінеді.

Жыланның емдік қасиеті мол, сондықтан оны көп жағдайда дәрі-дәрмек жасауда қолданады
Жыланның емдік қасиеті мол, сондықтан оны көп жағдайда дәрі-дәрмек жасауда қолданады

Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтірсе, улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан құралған. Бұл аз десеңіз, қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолдануға болады. Бір ескертетін жағдай, жылан уынан әзірленген дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр ауруларын емдеуге қолдануға тыйым салынады. Қауіпті екенін ескертеміз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*