16-қазан бастығыңызды құттықтауды ұмытып кетпеңіз

Бүгін — Бастықтардың күні. 1958 жылы State Farm Insurance Company компаниясында хатшы болып жұмыс істеген Патриция Хароски жаңа мереке — Босс күнін тағайындауды ұсынды.

Бастықтан марапат алғанды жақсы көреміз

1962 жылы бұл мерекені Иллинойс штатының губернаторы Отто Карнер ресми түрде бекітті. Бастапқы идея бойынша — жұмысшылар өздерінің бастықтарын құттықтап, оған бір жыл бойы мейірімді әрі әділ болғаны үшін алғыстарын айтады.

Кейін Босс күнін атап өту дәстүрін көптеген елдер қолдады, мереке әлем бойынша жылдам қарқынмен тарады. Бүгін бұл күн Ұлыбританияда, Австралияда және Оңтүстік Африкада атап өтіледі.

Бұл күні басшылық — бұл мамандық екендігі қаперге салынады. Бұл — демалыссыз еңбек, әрбір қадам, әрбір сөз және қол астындағы адамдардың әл-ауқаты үшін жауапкершілік. Және де бастық — ол ең алдымен, адам. Босс күні немесе Ұлттық босс күні 16 қазан күні атап өтіледі.

Сізде бастығыңызды құттықтап, еңбегінің ерен екенін еске салыңыз. Бұл-жағымпаздықтың емес, жан-жақтылықтың белгісі. Бізбен бірге ой бөлісіңіз, бастығыңыздың қандай адам екенін шымкенттіктермен бөлісіңіз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*