15-сәуір «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» күні

Бүгін «Ғашықтар» күні. Жыл өткен сайын «Валентин» күнінің маңыздылығы жоғалып, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» күнінің қадірі артып келе жатқаны қуантады. Осы күнді жастар қалай тойлайды? Сауалнама жүргізіп көрген едік.

Аяулым Тастанбек, 20 жаста: Қазақ жастарының сезімдерін сәндеп, махаббаттарын жандандыратын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сынды айтулы күн керек-ақ. 1999 жылы Дархан Мыңбайдың ұсынысымен қабылданған осы махаббат күні енді-енді ғана достарымның арасында кең ілтипатқа бөленуде. Бұған бірнеше оқу орындарында ұйымдастырылып жатқан махаббат кештері дәлел. Бірақ, кейбірі әлі де нағыз махаббат күні ретінде қабылдай алмай жүр. Қызықсыз ғой дейді. Достар, қызықтыратын өзіміз емес пе? Әулие Валентин күніндегідей құттықтау қағаздарды таппасақ, өзіміз арнайы орындарға барып, өз танымымызға сай көркемделген әсем құттықтауларға тапсырыс берейік. Әрі осылар арқылы қаражат тапсақ, бір күндік бизнесте қарымымызды сынап көруге таптырмас мүмкіндік болар еді. Неғұрлым ұлттық бояуға қанық сый-сияпаттардын қатарын тиімді бағада көбейтсек, бұл күнді жастын да, кәрінің де жыл сайын асыға күтетін ерекше мерекелерінің қатарына қоса аламыз деп ойлаймын. Өзім де дәл осы күні ұнатқаннан адамыммен бірге болғым келеді. Көктем, шуағын төккен күн, әсем гүлдер, ең бастысы кіршісіз сезімдер. Қандай керемет иә, шіркін!?Осы көктемнен үлкен махаббат күтемін. Сіздерге де соны тілеймін!

1724176_673047439408616_2021034075_n

Ерлан Әбу, 22 жаста: «Валентин» күнін де, «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күнін де тойламаймын. Мен үшін әр күн махаббат күні. Оны белгілі бір күнмен шектеп қоюдың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Жанар Мұса, 20 жаста: «Әулие Валентин» күнін әспеттегенше өзіміздің төл мейрамымызды тойлаған жақсы. Осы күні жастарды қызықтыратын ғашықтар күніне арналған іс-шараларды көбірек өткізген дұрыс.

Әлішер Маратұлы, 24 жаста: Биылғы жылы «Валентин» күнінің дүркіреп өткенін өз басым естімедім. Бұл нені көрсетеді? Бұл жастардың ұлттық мерекені тойлауға ойысып бара жатқанын білдіреді. Біз бұған қуануымыз керек. Бұл күні сүйіктіме міндетті түрде сыйлық жасаймын. Достарымды құттықтаймын.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*