14 мамыр — фрилансерлер күні

8 сағат жұміс демейтіндер үшін
8 сағат жұміс демейтіндер үшін

Бүгін 14-мамыр фрилансерлер күні. Бұл қандай мамандық дерсіз?

Фрилансер (freelancer- еркін мерген деген мағына береді) — бірде-бір компанияның құрамында жоқ, тапсырыс берушіні өз еркімен таңдайтын, ең бастысы өз жұмыс уақытын өзі реттейтін кәсіп иесі. Бұл мамандық иелері ТМД, Ресей елдерінде көп болмағанымен олардың қатары күн санап артып келеді. Әрине, оған ғаламтордың көмегі де өте зор.

Олар аптасына 7 күнде 24 сағат бойы жұмыс істейміз
Олар аптасына 7 күнде 24 сағат бойы жұмыс істейміз

Осыдан бірнеше жыл бұрын интернетті табыс көзі ретінде қалтасын томпайтуды ойлайтын жеңілтек жасөспірімдерді елестететін болса, бүгінде бұл ес тоқтатқан-өз ісінің әккі маманы атанғандар мақтанышпен өзін фрилансер деп айта алады. Көптеген журналистер, дизайнер, менеджер, т.с.с. үйінен шықпай-ақ табыс табады.

Фрилансерлер күні 2005 жылдан бастап тойланып келеді екен. Жыл сайын өзін фрилансермін деп есептегендер 14- мамыр күні мерекелік іс шараға қатысады. Әрине думандатып қана қоймай, бұл атаулы дата ғаламтор арқылы пайда тауып жүргендердің бірігуіне кемектеседі.

Ал соңғы кездері коворкинг (ағылш. coworking) деген де жұмыс стилі пайда болды. Коворкинг-офисті біріге жалға алу. Бұл арқылы техника, коммуникацияның қаржысын ортақ төлеп, пікір алмасып, ой бөлісе алады.

Өзіңізді фрилансер қатарына қоссаңыз, мерекеңізбен! Кәсібіңіз нәсіп бере берсін!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*