Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен сынға түсті

Қаламыздағы №38 атындағы  мектеп-гимназияда көктем мерекесі қарсаңында ерекше сайыс өтті. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған оқушылар мен олардың ата-аналары «Ана-тілі және отбасы» жарысына қатысты.

Қазақ тілінің бейбітшілік тілі екенін насихаттаған орыс, кәріс, татар және әзірбайжан,т.б ұлттардың өкілдері мерекенің сәнін осылайша қыздыра түсті. Ал бірніше ұлт пен ұлыстың өзара достығы мен бірлігін айшықтайтын, олардың қазақ тіліне деген құрметін көрсететін мұндай сайыстарды өткізудің маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.

Түрлі ұлт өкілдерінен құралған қатысушылар
Түрлі ұлт өкілдерінен құралған қатысушылар

Сайысқа қатысушы топтар төрт отбасы мүшесінен тұрды. Анасы, әкесі және ұл-қыздары. Олар қазақ тілінде өздерін таныстырып, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды, өнерлерін ортаға салды. Ал қазақ тілін жетік меңгерген отбасы ғана жеңімпаз деп танылды. Айта өтейік, білім ошағында мұндай сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді.

Ата-анасы мен баласы өнер көрсету сәтінен
Ата-анасы мен баласы өнер көрсету сәтінен

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*