Өрттен қорғанудың әдісі

Апталық кезіндегі көрме

Мектептің айналасында орын алған өртті оныншы және он бірінші сыныптың оқушыларынан құралған өрт сөндірушілер бірден сөндіре бастады. Олар оттың жалынын жердегі топырақ шашып, қайтарды. Су сеуіп, өрт сөндіру балонын пайдаланды. Бұған аңтарыла қараған төменгі сынып оқушыларының бойларын қорқыныш билегені рас. Алайда бұл сен ойлағандай шынайы өрт емес, оның алдын алуға бағытталған оқу-шаралары болатын.

Жоғары сынып оқушыларынан құралған құтқарушылар

Мұндай шараны қаламыздағы №9 лицей ұжымы алғашқылардың бірі болып өткізді. Лицей директорының айтуынша, апталыққа білім ошағында оқитын мыңға жуық оқушы қатысқан. Қатысушылар апта бойына  өрттен қорғанудың жолдары туралы ойларын қағаз бетіне түсіріп, көрме ұйымдастырды. Тілсіз жаудың адам өміріндегі рөлі мен пайдасы жөнінде ашық сабақтар өткізіліп, жас құтқарушылар төменгі сынып оқушылары арнап тренингтер өткізді.

 

Бұл — мектептегі жас құтқарушылардың өрт сөндіру сәті

Мұндай іс-шаралардың оқушылар үшін пайдасы мол деп біледі білім ордасының басшылығы. Өйткені, оқу-жаттығу кезінде мыңға жуық оқушы пайдалы кеңестерден хабардар болып, мұнда мыңға жуық оқушы пайдалы мәліметтерден хабардар болса, оны отбасы мүшелеріне, достарына, туыстары мен көршілеріне айтады. Осылайша бір емес,  көптеген отбасы оттан қорғанудың жолдарын білетін болады.   снх:   Ал апталықтың соңы әдемі ән және бимен аяқталды. Бишілер мың бұрала билеп, шараның әсерлі өтуіне септігін тигізді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*