Өнерге жаңа Асылайым мен Ерболат дуэті қанат қақты

Оңтүстік өңірінің әншілері Ерболатпен Асылайым дуэтінің алғашқы әндеріне түсірілген бейнеклиптері жарыққа шықты. Махаббат тақырыбында жазылған әнге түсірілген бейнеклип Шымкент қаласында жасалыныпты. Мұнымен біз тоқтап қалмаймыз.

Ерболат пен Асылайым дуэті

Алдағы уақыттада әсем әндерімізді тыңдап бірнеше бейнеклиптеріміздің тұсауын сіздермен бірге кесеміз дейді дуэт. Қашанда ізденіс үстінде жүретін Ерболатпен Асылайым өнердегі өзгеде әнші әріптестерінен тәжірбие алмасуда.

— Сіздер өнердеде өмірдеде біргесіздер. Ән таңдауда, бейнеклип түсірерде өз ара келіспеушілік болмай қалған кездер болады ма?

— Әрине бірақ ақылдаса келе ортақ шешімге келеміз.
— Сіздерді «Мюзикола» дуэтіне ұқсататы. Бұған не айтасыздар?
— Ия, ұқсатқаны жақсы ғой. Сол дуэт секілді тындармандарымыз көбейіп, танымал болсақ, қанекей.Бірақ біздің негізгі ұстанған бағытымыз. Әнді таңдау жағынан ұқсастығым аз.

— Арнайы музыкалық білімдеріңіз бар ма?
— Әрине, мен Ерболат «МузАрт» ансамбілінде үш жылдай гитарист болып өнер көрсеттім. Енді жеке өз алдыма шығармашылық шыңдау керектігін түсіндім. Осылайша өмірлік жарым Асылайыммен дуэт болып құрылдық.

— Сіз әндердіде өндейсіз. Уақыт қайдан табыла береді?
— Уақыт тапшы. Мұнымен бірден келісемін. Енді жаңа ән өндеуге кіріссем болды, дуэттегі концерттер шығып жатады. Енді барынша үлгеруге әрекет жасап жатқан жағдайым бар.

— Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіздер?
— Жоспар көп. Тек сабақты ине сәтімен дегендей. Бәрін уақыт көрсетеді. Адамның дегені болмайды ғой. Кезінде көреміз. Ең бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
— Сұқбаттарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*