Әуеде ұшатын автокөлік бар

Енді автокөлік бізді тек жерде тасымайды, әуеде ұшырады! Ағылшындықтар ұшатын автокөлікті ойлап шығарды. Дүние жүзінде алғаш рет пайда болған техиканы АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Terrafugia компаниясы жасаған. Олар өздерінің ресми сайтында осылай деп жариялады. Тіпті қалай жұмыс істейтінін де көрсету үшін арнайы видео үлгісін де ұсынған. Былайша көлік сүйкімді, шағын және адамдар сыяды дейді олар. Бір қызығы — арнайы ұшып-қонатын алаңның да қажеті жоқ.

Ұшатын көліктің екі қанаты бар
Ұшатын көліктің аты — TF-X

Алайда төрткүл дүние көз тігіп отырған таңғажайып көлік әлі бізге қолжетімді емес. Ірі кәсіпорын басшылығы да көпшілікке жақын күндері ұсынылады дегенді айтпады. Яғни өнім араға 10-12 жыл салып барып қана сатылымға шығады деп отыр компания өкілдері. Айтпақшы көлікке TF-X деген атау берілді. Шағын көлемді болғандықтан ол әуеде ғана емес, жердеі көліктермен қатар емін-еркін жүре алады. Құрылысы да қызық. Жиналмалы екі қанаты оны әуеде қалықтап, діттеген жерге жетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қанатының ұшындағы винттер оның әуеде кедергісіз ұшуын қамтамасыз етеді деп хабарлайды. п аталатын осынау ұшатын көліктің жиналмалы екі қанаты бар. Қанатының ұшындағы винттер оған көлденең және тігінен ұшуға мүмкіндік әперіп отыр.

2 Comments

  1. сатылымга шыккан уакытта Казакстанда тек жедел жардем кызметкерлеріне гана алуга рухсат ету керек!!! а то…….

  2. сатылымга шыккан уакытта Казакстанда тек жедел жардем кызметкерлеріне гана алуга рухсат ету керек!!! а то…….

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*