Әнші Саят Медеуов алғаш рет бейнебаян түсірді

Әнші бейнебаян түсірді
Әнші бейнебаян түсірді

Саят Медеуов — қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы. Өнер өлкесіне өзіндік қолтаңбасымен, қоңыр даусымен енген әнші. Елге халық әндері арқылы кеңінен танылған ол қазір көптеген әншілермен дуэт болып ән шырқап, әнсүйерқауымның үдесінен шығып жүр. «Сен көріктісің» деген әні өнер жолында сәттілік сыйлап, елге осы әні арқылы кеңінен танылған еді. Ал бүгінде тыңдарманның жүрегінің төрінен орын алған «Мұңайма қалқам», «Бегімайдың жыры», «Аяулым», «Айлы кеш» сынды әндері де бар. Алайда өнерсүйерқауым «Саят жақсы ән айтады, неге бейнебаян түсірмейді? Ол бейнеклипті ұнатпайды ма? » деген сияқты пікірлерді жиі айтатын. Сондықтан өнер иесі Оңтүстікке арнайы сүйіншісін сұрап келіпті бұл жолы.

Саят Медеуов, әнші: «Шығармашылығымда жаңалықтарым бар. Күні бүгінге дейін жасырмаймын, «Саят клип түсірмеген, Саятта өмірі клип болмаған» деуімен келдім көпшіліктің. Бірақ жақын арада Қайрат деген бір ағамыз қояр да қоймай, қызын ұзатуға арналған әнге клип түсіреміз деп. Мен олардан қашып, түсірмейміз деп. Бәрібір, ол кісілер осылайша қояр да -қоймай бір клип түсірткізді. Өздері түсірді. Бірақ енді шынымды айтсам, менің қатысым тек ән айтып беру болды. Бір орында тұрып, қатып, ән айтып бердім. Басқа ешқандай да атқарғаным болмады.Негізі мен бейнеклип түсіруге әу бастан-ақ қарсы едім, алайда осы кісілердің бастамасымен түсіріліп отыр. Бұл менің өмірімідегі, жалпы шығармашылығымдағы жаңалық деуге болатын шығар. Енді ел ойлайтын шығар, «Саят Медеуов не үшін клип түсірді екен? Мүмкін өшіп бара жатқан соң, түсірген болар» деп. Бірақ жалпы мен ондай оймен емес, ағаларымыздың ықылауымен, сол кісілердің қинауымен, амалдың жоқтығынан «Қызға тілек» деген әдемі әнге клип түсірдім. Енді ол әлі көпшіліктің назарына көгілдір экран арқылы ұсынылған жоқ, енді сәтті, жақсы шығып жатса ел бағасын бере жатар деп ойлаймын».

– Бүгінге дейін «Өзіңді аңсау», «Сен – көріктісің», Ақбота сынды әншілермен дуэт болып орындаған әндеріңіз көпшіліктің сұранысна ие болып, заманауи тілде айтсақ «хит» болып еді… Қазір де осындай әндер жаздыруыңызға не кедергі?

– Дұрыс айтасыз. Бірақ әнді «хитке» айналдырудың бір жолы – оған бейнебаян түсіріп, радио-теледидардан күні бойы айналымға шығару. Көпшілкке қайта-қайта ұсыну. Мен ондайға жалқаулаумын. Сол себептен кейінгі жазылып жатқан әндерімнің халыққа жетпей жатқаны рас. Бірақ өзім айтатын әндерді қазіргі «хит» болып, солай танылып жүрген әндермен салыстыра қарағанда жөн-жоралғысы, мән-мағынасы, жалпы қалыбы әндерімнің жоғары дер едім. Сондықтан тыңдауға лайықты, санамызға берері бар, оның рухани пайдасын сезінбесек, оны мың жерден тыңдау әбес деп санаймын өзім.

— Әңгімеңізге көп-көп рахмет!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*