Әнші Ерболат Құдайбергеновтың жаңа ән жинағы жарық көрді

Ерболат Құдайбергенов өнерсүйерқауымға «Мен қазақпын», «Біздің жігіттер», «Ләззат алауы», «Бойжеткен», «Үш Жүз» әндері арқылы кеңінен таныс. (Бұл әндер «Хит» болып, ел аузында жүргені есімізде).  Көптеген патриоттық әндері — заманауи үлгідегі туындылары тыңдарманның жүрегінің төрінен орын алып үлгерген. 1982 жылы қаңтар айының 11-жұлдызында Қарағанды қаласында дүниеге келген ол бүгінде қазақ эстрадасының жарқын жұлдызына айналған. Жуырда Ерболат Шымкент қаласындағы досының тойына арнайы ат басын бұрыпты. Сол кезде әнші жаңалығымен бөлісті.

Ерболат Құдайбергенов Оңтүстік жұртшылығына алғысын білдірді
Ерболат Құдайбергенов Оңтүстік жұртшылығына алғысын білдірді

Ерболат Құдайбергенов, әнші: Мен Шымкенті жақсы көремін.Себебі халқы да жылы қарсы алады. Барлығы құрметтейді, қонақжайлылығы бір бөлек. Үлкен апалар балам дейді, осыншалықты мейіріміділі ет жүрегімді елжіретіп жіберді менің. Кішкентайлары да «ағалап» жүр. Неткен бақыт десеңші! Мен де құр қол келмедім бұл өңірге, жаңа әндерімжі шашу етіп әкеліп отырмын. Сонымен қоса шығармашылығымдағы жаңалықтарыммен бөлісуды жөн көріп отырмын. Жуырда 2 бірдей альбомым жарық көрді. Бірі — «От» деп аталса, енді бірі «Айтылған әндер» деген. Аты айтып тұрғандай «От» деген ән жинағымда тек жаңа әндер жинақталса, «Айтылған әндерде» алдын орындап жүрген шығармаларым бар. Міне, осындай қуанышты хабарым бар менің! Өзім де осы 2 ән жинағымды шығарғаныма ерекше қуанып жүрмін. бір үлкен жұмыс аяқтағандай! Себебі тыңдармандарым менен осы жиақты күтіп жүрді емес пе?! Арқамнан ауыр жүк түскендей сезінемін…

Әнші әнді жүрекпен орындаймын дейді
Әнші әнді жүрекпен орындаймын дейді

— Сіздің ән орындау шеберлігіңізді өнерсүйер қауым ерекше бағалап жатады. Осыншалықты көпшіліктің, әсіресе жастардың қошеметіне ие болуыңыздың сыры неде?

—   Сыры құпия (күлді). Әзіл ғой. Ешқандай сыры немесе құпиясы жоқ мұның. Тек қана әнді жүрекпен орындау ғана! Сонда ғана жұртшылықтың жүрегіне жетеді. Мен кез келген әнімді жүрекпен, шын ниетпен орындауға тырысамын! Бұл менің әнші ретіндегі парызым… Сол ғана.  Сондықтан болар, қайда барсам да үлен-кішісі үлкен құрметпен қарсы алады. Баршаңызға алғысым шексіз!

Ерболат өзі жайлы жалған мәлімет тарағанына өкпелі
Ерболат өзі жайлы жалған мәлімет тарағанына өкпелі

— Ал ғаламтор арқылы тараған отбасыңызға қатысты сұхбатыңыз жайында айтарыңыз бар ма?

— Ия, айтарым бар! Себебі, бұл сұхбат шындыққа жанаспайды! Менің екі әйелім бар деп көрсеткен. Мен солай деппін оларға, айтуларынша, жазуларынша! Бірақ мен расында олай деген жоқпын ғой! Ия, мен «Ел арна» телеарнасында берген сұхбатымда 2 әйел алуға оң көзқараспен қараймын дегенмін. Бірақ ешқандай басылым тілшілеріне «менің 2 әйелім бар» деген емеспін. Ол мақала жарыққа шығысымен желмен ұшып тарады. Сондықтан дәл қазір кей тыңдармандарым маған басқаша көзқараспен қарауы да мүмкін. Сондықтан бұл ғаламтордағы дүниелерге сенбеулеріңізді сұранамын. Менің өз отбасым, 1 әйелім, 3 перзентім бар. Салауат деген ұлым 2-сыныпта оқиды. Анель мен Әмірболат әлі кішкентай.

— Ақтарыла айтқан әңгімеңізге рахмет!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*