Әнші Асқар Жүнісбеков: «Әділдікті жаным сүйеді»

Жерлесіміз, талантты әнші Асқар Жүнісбеков қазақ эстрадасына «Періште» әні арқылы енгені есімізде. Бүгінге дейін «Хат жазып тұр», «Сен қасымда болмасаң»,»Жаса Қазақстан», «Тырналар», «Кешір мені», «Арман аруым» сынды ел аузында жүрген әндерді жазып үлгерді. Жас та болса үлкен танымалдылыққа ие. Шымкенттіктер Асқарды «Біздің тойдан қалмайды, келген сайын «Толғанайды» сұраймыз» деп әзілдейтін де болған. Осылайша өнердегі әзіл мен сынды дұрыс қабылдап жүрген әншімен сұхбаттасудың да сәті түсті.

Асқар Жүнісбековтың жаңа үнтаспасы жарық көрмек
Асқар Жүнісбековтың жаңа үнтаспасы жарық көрмек

— Асқар, жерлестеріңізбен шығармашылығыңыздағы жаңалықтармен бөліссеңіз…
— Жалпы биыл шығармашылығымда әжептеурім жаңалықтарым бар. Қуана бөлісемін. Дәл қазіргі уақытта 2-ші ән жинағымды жазып жатырмын. Жақын күндері яғни осы мамар айында жарық көреді деп отырмыз. Бұл үнтаспаның ішінде біраз жаңа әндер кіреді. Сонымен қоса осы уақытқа дейін айтып келген таңдаулы, халықтың аузында жүрген еңбектер енеді. Ал бір қызығы үнтаспаның атын қалай атарымды әлі күнге шеше алмай жүрмін. Ол — «Хат жазып тұр» немесе «Сен қасымда болмасаң…» деп аталуы мүмкін деп жоспарлап отырмын. Әзірге сол, өзге де жоспарларым бар. Құдай қаласа барлығы да ел алдында жүзеге асады деп ойлаймын».
— Өнер жолында жүріп, қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?

— Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде, Шымкент қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын облыстық «Балауса», «Арай» конкурстарына қатысқанмын. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурстың лауреатымын. Республикалық «Жас қанат» байқауына қатысып, дипломант атандым. Сонымен қатар, «Азия дауысы» фестивалінің аясында өтетін «Қазақ әндері» атты конкурстың дипломантымын.
— Отбасыңызға тоқталсақ… Шаңырақ көтергеніңізді де білеміз…

— Өзім 1984 жылы, 7- ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкемнің есімі — Марат, мамандығы — мал дәрігері. Бүгінде, отбасымызбен Алматы қаласында тұрып жатырмыз. Анамның есімі — Айсәуле, бірнеше жыл мектепте ұстаздық еткен жан. Бірақ, өкінішке қарай, институт қабырғасында оқып жүргенімде, анамнан мәңгіге айырылып қалдым. Отбасында өзімнен кіші Заңғар есімді інім бар. Мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының эстрада және вокал факультетінде білім алғанмын. Ия, үйленгенмін. Жұбайымның есімі — Гүлжанар. Медицина саласының маманы. Оңтүстіктің қызы. Оның қарпайымдылығы мен ақ көңіл, ашық жарқын мінезі маған қатты ұнайды.

Әнші әділдікті жаным сүйеді дейді
Әнші әділдікті жаным сүйеді дейді

— Үйленгеніңізді біле тұра мазаңызды алатын жанкүйер қыздар бар ма? Мұны Гүлжанар қалай қабылдап жүр?
— Ия. Әрине, жиі кездесеміз мұндай жағдайға. Мен оларға жәймен ғана түсіндіруге тырысамын. Өнерімді бағалап-құрметтегендеріне алғасымыды айтып, тұтқаны қоямын. Ал Гүлжанарға мен әу баста -ақ айтып, өнер әлемінің қызығы мен шыжығын, мұндай жәттерді жиі айтатынмын. Сондықтан ол баса назар аударып, қызуқандылыққа салынбайды.
— Ал өзіңіз ше, қызғаншақтар қатарынансыз ба?
— Менің ойымша әйелін қызғанбайтын адам болмайды. Бұл дұрыс деп есептеймін.
— Сахналық костюмдеріңізге келгенде кімге жүгінесіз? Әлде өзіңіздің талғамыңызға сенесіз бе?
— Мен негізі сахналық немесе күнделікті киімдерімнің барлығын өзім таңдаймын. Барымша жақсы киінуге тырысамын.Ешкімнен жаман пікірлер естіген емеспін бүгінге дейін (күлді).
Ал бойыңыздағы өзіңіздің ұнатпайтын қандай қасиетіңіз бар?
— Мойындаймын, мен уайымшылмын. Сол қасиетім ұнамайды. Сонымен қоса жалқаулығым да аздап бар.
Өзгелердің бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
— Адалдық.Әділдік. Мен осы қасиеттерді бәрінен жоғары қоямын.
— Ал өзіңіз өтірікті жиі айтасыз ба?
— Жоқ, жиі дей алмаймын. Бірақ біреуге зиянын тигізетіндей өтірік айтқан емеспін. Айтпаймын да. Бірақ кейде айтатын кез болып қалады. Өтірік айтпайтын адам болмайды деп ойлаймын өзім.
— «Менің Шымкентім» сайтының оқырмандарына қандай тілегіңіз бар?
— Жастар үшін қуаныштымын. Себебі ешқандай ақпараттан қалыс қалмай, жаңалықтармен бірге пайдалы дүниелерді жариялап тұратын сайттың ғұмыры ұзақ болсын! Ал оқырмандарға айтарым әрдайым қуаныш, шаттықта жолығайық! Әрбір шаңыраққа шаттық, бақыт тілеймін. Алла Тағала баршамызға тек жақсылықтар нәсіп етсін!
— Әңгімеңізге рахмет!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*