Әнші Ақбота Керімбекова үй салып жатыр

Үй салудан тартынбаймын. Үйреніп қалдым дейді әнші Ақбота

Әнші Ақбота Керімбекова Қордай ауданында концерттік кеш беріп жатыр. Ендігі сапардың бағытын әнші Тараз қаласына бұрып отыр. Сәтін салса Шымкент қаласынада келмек. Ақбота сұқбат барысында үй салып жатқанында айтып қалды.

Ақбота үй салу ер аазаматтың парыздарының бірі. Нәзік жанды аруға бір емес екі қабатты үй салу қиынға соқып жатқан жоқ па?
— Өте орынды сұрақ. Ия қиын әрине. Бірақ үйреніп қалдым. Рас өткен жылдарыда мен үй салғанмын. Бір жағынан тәжірбием жетеді. Қазір Алматы қаласында салып жатқан үйім өте заманауи үлгіде тұрғызылып жатыр. Сәтін салса үйімді бітіріп кіріп алсам қоныс тойын тойлап барлығын шақырармын.

Шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр.
— Қазір толығымен гастрольдік сапарларға кірісіп кеттік. Артық уақытымыз жоқ. Толығымен жаңа әндер жаздырып, бейнеклиптер түсіріп жатырмыз. Сәтін салса Шымкент қаласында қараша айының 2 жұлдызы күні өнердегі әріптесім Сержанәлімен бірге концерттік кеш бермекпін.

Сонымен бірге жақында Сержанәлі екеуімізге бірге дуэт болып орындаған әнімізге бейнеклипте түсірдік. Бірнеше отандық телеарналардан жаңа туындының тұсауында кестік. Ендігі мақсатымыз жақсы жақсы әндерді халыққа кеңінен ұсініп, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөлену.
Осы мақсатта тыңдап, ізденіп тәжірбие алмасып жатырмыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*