Ұялы телефонның зияны туралы не білеміз?

Бүгінде өмірімізді ұялы телефонсыз елестете алмаймыз. Қоғамдық көлікте, сабақта да, тамақтанып отырсақ та, тіпті ұйқтап жатып та байланыс құралынан бір елі ажырамаймыз. Онымен қоймай, түнде ұйқтап жатып, бір емес екі үш телефонды басымызды тұсына қойып қоямыз. Алайда одан келер зиян туралы ойлай бермейміз.

Ұялы телефонынан ажырамау
Ұялы телефонынан ажырамау

Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефонды ұзақ пайдаланған адамдардың есту, көру, есте сақтау қабілеті нашарлайды екен. Ал Еуропа зерттеушілерінің мәліметінше 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың жұмыс істеуі бұзылып, мида қатерлі ісіктің пайда болу қаупі артады екен. Онымен қоймай, бұл ауру өзінен кейінгі ұрпағына берілуі мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.

Интернет беттеріндегі кей жазбаларға үңілсек, ұялы телефонның әсерін білу үшін бірнеше зерттеулер де жүргізілген. Мәселен, бір ай бойына әртүрлі ұялы телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірибесін жасаған. Тәжірибеден кейінгі екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі сыр берген. Содан соң сәулеленген атжалмандардың қан ын сәуле қабылдамаған «таза» буаз атжалман тышқандарға егуді жүргізген. Нәтижесінде бүкіл атжалман тұқымымен өліп қалған.

Бір адамдағы бір емес бірнеше телефон
Бір адамдағы бір емес бірнеше телефон

 

Егер мүндай дерттерге шалдықпау үшін немес алдын алу үшін сайтында көрсетілген dinislam.kz ақыл-кеңестермен бөлісуді жөн көрдік.

-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек.

-Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.

-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет. 

-Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. 

-Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

-Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.

-Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет. (кей мәліметтер dinislam.kz cайтынан алынды)

2 Comments

  1. менин ойымша ол дурыс!

  2. бирак биз телефонсыз журе алмаймыз гой :(((((

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*