«Үздік» номинациясының иелері белгілі болды

Жаңа жыл қарсаңында «Үздік» жастар сыйлығының иегерлері мараппатталды. Мәдениет, білім, өнер және әлеуметтік, БАҚ саласында ерекше жетістігімен көзге түскен 21 жасқа қала әкімі арнайы сыйлықтар табыс етті.

Әр саланың жас үздіктері
Әр саланың жас үздіктері

Үздіктердің қатарында спортшы, дизайнер, ақын, ғалым, мұғалім, үздік жас қаламгер мен режиссер де бар. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормония залында қызыл кілеммен сахнаға көтерілген бұл жастар қатал іріктеуден өткендер.

Оларға ерекше құрмет көрсет, дипломдар табыс етілді
Оларға ерекше құрмет көрсетіліп, дипломдар табыс етілді

Олар өз ісінің үздігі болумен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысқан. Ал байқаудың мақсаты-мәдениет, өнер, білім және әлеуметтік салада жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсетіп, жетістіктерін насихаттау.

Үздік әнші "Арман" тобын марапаттау
Үздік әнші «Арман» тобын марапаттау

14 пен 29 жас аралығындағы замандастарымыздың арасында мерейі үстем болып, халықты жаңалықтармен дер кезінде хабардар етіп, ақпараттандыру саласында еңбегі еленген жастардың арасында арнамыздың тілшісі Ардақ Жақсылықова да бар. Ол «Үздік жас тілші» аталамы бойынша марапатталды.

Ардақ Жақсылықова
Ардақ Жақсылықова
Үздік жас спортшы- Гаухар Тұрмаханова
Үздік жас спортшы- Гаухар Тұрмаханова
Үздік сарбаз- Шыңғыс Назарбеков
Үздік сарбаз- Шыңғыс Назарбеков
Үздік оқушы- Болатбек Тастемір
Үздік оқушы- Болатбек Тастемір
Ал жанкүйерлер мақтаныштарына орындарынан тұрып, қошемет көрсетті
Ал жанкүйерлер мақтаныштарына орындарынан тұрып, қошемет көрсетті
Үздік КТК командасы-  "Мардан Ұландары"
Үздік КТК командасы- «Мардан Ұландары»

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*