Үйдегі дәрі қобдишада не болу керек?

Үй жағдайындағы дәрі қобдишасы

Адам кез келген уақытта ауырып қалса немесе өзін нашар сезінсе, бірден жедел жәрдем қызметіне жүгінеді. Жедел жәрдем көлігі сіз орналасқан мекен-жайға жету үшін біраз уақыттың кетері анық. Кейде тіпті күттірмейтін сәттер болады. Медицина қызметкерлерінің қызметіне жүгінбейтін жайттарда бірден үйдегі бар дәрілерді ақтара бастайыз.

Дәке-ең қажетті заттардың бірі

Үй жағдайында алғашқы көмек көрсету үшін қажеті дәрі қобдишасы. Егер жақыныңыз ауырып қалса, оның қажеттілігі зор. Сондықтан әрбір отбасыда дәрі қобдишасы болу міндетті. Оны сатып алуға немесе ең қажеттілерін қолдан құрастыруға болады. Оны құрастырарда отбасындағы әрбір мүшенің жас ерекшелігі мен жағдайын, денсаулығын ескерген дұрыс.

Қарапайым бас ауруын жазатын дәрілер қобдишаңызда болсын

Үйдегі дәрі қобдишасы мынадай негізгі заттардан тұру керек:  ацетилсалицил қышқылы(аспирин),  ас содасы, дәке, жөтелге арналған дәрілер, валериана тұнбасы, вазелин, спирт, йод, дәке, мақта, қызуды өлшейтін құрал, таңғыш пакет пен лейкопластырь, термомерт, дәрігердің нұсқауынсыз босатылатын бас аурудың және қызуды басатын жеңіл дәрілер және көзге дәрі тамызатын түтік, т.б.

Этил спиртінің де пайда

Есте ұстайтын жайт, егер дәрілердің аты, құрамы белгісіз болса, үйде ұстаудан аулақ болған жөн және әрбір затты пайдаланарда олардың жарамдылық мерзімін ескеріңіз. Жарамсыз дәрілер көбіне сұқықтықтарға тән. Құрғақ және балалардың қолы жетпейтін салқын, қараңғы жерде сақтаңыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*