Қыздар қылықты болсын десең

Қыз -өмірдің гүлі, қыз болашақ –ана, қыз – сұлулық пен әсемдіктің, әдептіліктің символы. Қазақ халқы қай уақытта да қыздарын ең қымбатқа теңеп, олардың бойынан сыпайылық пен кішіпейілділік сынды асыл қасиеттерді іздеген.  Десек те бүгінгі заманның қыздары қандай болу керек, олардың бойында қандай қасиеттер тұрып түрғаны абзал деген сұрақ өз маңыздылығын жойған емес. Осыған орай қаламыздағы 87 жалпы орта мектебінде қыздарға дұрыс тәлім тәрбие беру мақсатында мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың, психолог, дәрігер мамандар мен қалалық жастар ұйымының басшыларымен «Қыз -ұлттың ұяты» атты ашық дөңгелек үстел өткізілді.

№87 мектептегі дөңгелек үстелге түрлі саланың мамандары қатысты
№87 мектептегі дөңгелек үстелге түрлі саланың мамандары қатысты

 

«Мен қазіргі қазақ қыздары инабатты, тәрбиелі, білімді болса екен деймін. Үлкеннің жолын кеспей, ұлтымыздың дәстүрін бойына сіңіріп өссе деймін»,- дейді көп балалы ана, ардагер ұстаз  Ұлман Шердебаева.

«Ал мен қыздарымыз тек білімді болумен қатар саяси белсенді болса екен деймін. Өйткені аруларымыз үйде де , жұмыста да жетістіктерінемен көрге түсіп, шығармашылыққа бай болғаны абзал»,-  дейді  республикалық жастар кадрлық резервінің ОҚО бойынша кординаторы Айнура Құралова.

Көпті көрген ардагер ұстаздың айтары
Көпті көрген ардагер ұстаздың айтары

Аруларымыз туралы «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «қыздың жиған жүгіндей», «қызға қырық үйден тыю», «қыз өссе елдің көркі» т.б мақал- мәтелдер жетерлік. Алайда асыл қасиеттерді бойына сіңірген қыздарды соңғы кезде кездестіру қиындап барады дейді мектеп психологы. Оған бірден бір себеп қыздарымыздың киіну мәдениеті.

Қыздарымыз қандай болу керек деген сұраққа көп балалы ана, ардагер ұстаздарымыз жауап берді. Анаға қарап оқушы қыздарымыздың бой түзейтінін ескерсек, айтар ақыл да жоқ емес. Десек те мектеп табылдырығында жүріп, түрлі келеңсіздіктерге ұшырайтын оларға дәрігерлер де кеңесін айтты.

Әсіресе мектеп табылдырығында жүргенде өтпелі кезең болады. Сол кезде қыз балалардың бойында түрлі психологиялық өзгерістер болады.  Осындай шақта оларға ата ана мен ұстаздың қолдауы қажет . Ал түрлі өзгерістердің шырмауынан шыға алмай, теріс жолға түсіп кетсе немесе дер кезінде ата –ананың қолдауы мен түсінісушілігіне ие бола алмаған қыздар мәселесі де көтерілді басқосуда.

Қыздар негізгі тақырыптарды талқылауда белсенділік танытты
Қыздар негізгі тақырыптарды талқылауда белсенділік танытты

«Осындай шақта, әсіресе аналар қыздарына көңіл бөліп, олардың сөздеріне құлақ асу керек. Егер бетін қағып тастасаң, олар өздерін өзгелерден кем сезінеді, ұрыс-жанжал болады, түсінпеушіліктер пайда болады, өзін кінәлайды. Сондықтан тек жақсы сөйлеп, оның жақсы қасиеттерін жиі айтып отыру қажет. Сонда ғана ол өзін үнемі қолдайтындардың ортасында жақсы сезінеді»,- дейді №87 мектептің психологы Хайзада Наушабекова.

Бұл орайда қыздарымыздың қылықты, білімді болуында №87 мектеп ұстаздары да түрлі іс-шараларды жиі өткізеді. Қыздарымыз отбасында ата- ананың тікелей тәрбиесін көрсе, мектепте мұғалімнің жауапкершілігінде екенін де жақсы түсінеді.

«Біздің мектебімізде «Сырғалым » атты қыздар ұйымы бар. қандай мәселе болмасын осы ұйымның жиналысы кезінде талқыланады, түрлі жұмыстар атқарылады. Ұстаздар да қыздардың жүріc- тұрысына, сөйлеген сөзіне, тәрбиесіне, оқыған сабақтарына мән береміз. Өйткені қыздарымыздың мәдениетті болуы — ұрпағымыздың мәдениетті болуы. Сондықтаноларға үйде ата-ана тәрбие берсе,  мектепте мұғалімдер бас -көз болады»,- дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ханым Изетова.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*